Базардан алған балық жеп, аяқ-қолынан айырылды: Бота Бурханованың оқиғасы

Ақтоты Жапатова 09 мам. 2025 15:38 681

Бота Бурханова 2024 жылдың жазында базардан алған қақталған балықты жеп, денсаулығынан айырылған. Жас келіншек журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында тағдырын күрт өзгерткен күн жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Бота Бурханова балықты базардың алдынан алғанын айтты.

"3 тамыз күні балаларыммен базарға барғанмын. Қақталған балық көріп, жегім келді. Бағасы 3 мың теңге деді. Үйге келген соң балаларыма бермей, тек өзім жедім. Ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ аса мән бермедім", – дейді Бота.

Алайда келесі күні жағдайы күрт нашарлап, аяқ-қолдары жансыздана бастаған. Келіншек шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түседі.

"Ауруханада көзіме елестер көп көрінді. Дәрігерлер мені өледі деп ойлапты. Туыстарыма да солай айтқан. Аяқ-қолым қап-қара болып көгеріп кеткен. Қолдағы тамыр табылмай, мойныма ине салып, плазма мен наркоз жіберді. Сол сәттен бастап ми қызметі де әлсіреген", – деп еске алады Бота.

Оның айтуынша, өмірмен күресінде анасының шексіз мейірімі мен сенімі үлкен рөл атқарған.

"Анам Египетте демалыста жүрген. Мен ауруханаға түскеннен кейін, үш күннен соң ұшып келді. Дәрігерлер «қызыңыздан үміт жоқ» дегенде, анам жылап, жанымды сақтап қалуға барын салды. Египеттен ала келген зәмзәм суымен мені жуындырып, үздіксіз дұға оқыды. Содан кейін ғана жағдайым біртіндеп жақсара бастады", – дейді ол.

Қазақстандағы емдеу нәтижесіз болған соң, туыстары Ботаны шұғыл түрде Түркияға апарады. Онда дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін ауыр шешім қабылдайды – аяқ-қолдарын кесуге мәжбүр болады.

"Алақанымды аман алып қалу үшін ішімнен тері кесіп алып, тігіп берді. Аяқтарыма 11 сағатқа созылған ота жасалды. Қатты қарайып кеткендіктен, ампутация жасауға тура келген", – дейді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар