Есентаева енді кітап жазуға кірісіпті

Dalanews 01 желт. 2016 10:19 616

Өзін жан жақты салада сынап жүрген отандық продюсер Баян Есентаева енді өзі жайлы кітап шығармақ, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлады. Сонымен қатар ол жас кезіндегі суретін желіге салды.

– Мен ол кезде мені не күтіп тұрғанын білмеген едім. Аңғал, жаны таза, мейірімді Баян. Сен қазір кімсің? Қандай өмір жолын жүріп өттің? Сіздерге көп нәрсе айтқым келеді. Жуық арада кітап шығады. Айтарым көп..., – деп жазды ол.

Жұрт оның бұл бастамасына қуанып қалды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар