"Төрешілер...". Головкин пікір білдірді

Dalanews 16 қыр. 2018 06:13 260

Қарымта кездесуде мексикалық Сауль "Канель" Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, барлық белбеулерінен айырылған Геннадий Головкин кездесуге кейінгі ойын ортаға салды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Екінші кездесу Лас — Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Былтырғы жылғы кездесу екі боксшы бір-бірін ала алмай, тең тарқасқан еді.

Ал бұл жолғы кездесуде әділ қазылар шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті: 115-113, 115-113, 114-114.
Гена өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісін тапты және WBA Super, WBC және IBO санаттары бойы чемпиондық белбеулерінен айырылды.




"Бұл кездесуде кімнің жеңгенін айтып отырғым жоқ. Жеңіс төрешілер шешімімен Канелоға бұйырды. Жанкүйерлер үшін керемет кеш сыйладық деп санаймын. Өз басым қарсыласымнан артық жұдырықтаспасам, кем өнер көрсеткем жоқ деп есепеген едім..." , – депті Головкин. 

Ал екеуінің арасында қарымта кездесудің өту-өтпеуіне қатысты: 
"Талаптары көңілден шықса неге кездеспеске?!"

– деп пікір білдірген екен.

Айтпақшы, Альварес те Головкинмен үшінші мәрте кездесуге кет әрі емес. 

"Екінші кездесуде таза жеңіске жеттім. Әзір осы жеңісті тойлайтын боламын", – деп ағынан жарылыпты мексикалық. 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x