Екінші кездесу Лас — Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Былтырғы жылғы кездесуде екі боксшы бір-бірін ала амай, тең тарқасқан еді.
Ал бұл жолғы кездесуде әділ қазылар шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті: 115-113, 115-113, 114-114.
Әдетте мұндайдан кейін боксшылар шаршы алаңда қалып кездесуге қатысты ойларын ортаға салатын. Алайда, жерлесіміз кездесуден кейін сұхбат бергісі келмей рингтен кетіп қалды. Осы арқылы Гена төрешілер шешімінің әділ болмағанына наразылығын білдірсе керек.
https://www.youtube.com/watch?v=-Uvc5eEb4wY&feature=youtu.be
https://dalanews.kz/38259