«Таңжарық оқулары» өтеді

Dalanews 19 сәу. 2017 13:16 167

Ертең, 20 сәуір күні Талдықорған қаласында (Жетісу университеті) дәстүрлі «Таңжарық оқулары» өтеді.

Алашорданың 100 жылдығына орай ұлт қайраткері, ақын, ағартушы Таңжарық Жолдыұлының шығармашылығын оқырмандар арасында кеңірек насихаттауға арналған «Алаш рухты ақын» атты аймақаралық «Таңжарық оқулары» мен әдеби-сазды кеш өтеді.

Алматы қаласы мен Талдықорғандағы оқу орындарының студенттері Таңжарық өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқудан жарысқа түседі. Жеңімпаз бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әдеби-сазды кеште белгілі әнші Нұржан Жанпейісов, республикалық ән байқауларының жүлдегері Сәулежан Тақзия, «Аманат» тобы, т.б. танымал әншілердің қатысуымен Таңжарықтың әндері мен толғаулары орындалады.

Алматылық жас ақындар мен жетісулық айтыскерлер сөз сайысына түседі. «Таңжарық» деректі фильмі көрсетіледі.

Ұйымдастырушылар:

Халықаралық «Таңжарық» зерттеу қоғамдық қоры мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x