Жұлдызды жұп ажырасты

Dalanews 27 мау. 2015 09:31 259

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтың қызы Лейла Әлиева мен әнші, кәсіпкер Эмин Агаларов Instagram парақшасында өздерінің ресми түрде ажырасқандарын мәлім етті.


Олар 9 жыл бір шаңырақтың астында тұрып, дәм-тұздары жараспаған соң, ажырасуға бел буғандарын мәлімдеді. Президенттің қызына үленбей тұрғанда Э.Агаларов көпшілікке әнші ретінде танылған еді. Ал қазір Э.Агаларов Әзірбайжандағы белді кәсіпкерлердің бірі. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына не себепті ажырасқандарын ашып жазбаған. Э.Агаларов өз жазбасында көптен бері бөлек тұратындарын, алдағы уақытта ортақ балаларын бірлесіп тәрбиелеуге келіскендерін айтыпты. Лейла мен Эмин 2006 жылы бас қосып, 2008 жылы егіз ұлдың ата-анасы атанғаны есімізде.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x