Перизат Қайрат Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының да ақшасын қалтасына басқан

Көркем Алдабергенова 16 шіл. 2025 12:12

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қайырымдылық қорынан 1,5 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін сот отырысында Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитетінің мүшелері куәлік етті.

Олардың айтуынша, 2024 жылдың көктемінде ата-аналар жарнамаларға сеніп, аталған қорға 901 955 теңге аударған.

Ата-аналар комитеті бұл қорды танымал әрі сенімді ұйым ретінде қабылдап, сол себепті қаражатты дәл осы жерге жіберуді ұйғарған.

Алайда қазіргі таңда ата-аналар комитеті бұл ақшаны қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар