Жетісу облысында жол салған компания таудан заңсыз топырақ пен тас өндіріп, құрылысқа пайдаланған

Жетісу облысында жол салған компания таудан заңсыз топырақ пен тас өндіріп, құрылысқа пайдаланған
instagram.com - kazautozhol

Жетісу облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегі анықталды, ол мемлекетке 115 млн теңгеден аса залал келтірген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен жолын күрделі жөндеу кезінде тас пен топырақ заңсыз өндірілгенін анықтады.

Мердігер ұйым тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау беткейінен тас пен топырақ өндіріп, оларды жол құрылысына негіз ретінде пайдаланған.

Алдын ала есептеу бойынша заңсыз жер қойнауын пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал 115 млн теңгеден асқан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жетісу облысы прокуратурасының бақылауында.