Заңгер қазақтарды "доңызға" теңеген белсендінің үстінен арыз жазбақ

Көркем Алдабергенова 25 қар. 2025 12:30

Белгілі заңгер Әділетхан Молдахан Рудныйдағы көшелер атауын қазақшалауға қатысты тыңдалым кезінде регламентті бұзып, артынша әлеуметтік желіде қазақтарды "шошқалар" деп қорлау сөздерін айтқан Екатерина Корчагинаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әділетхан Молдаханның сөзінше, бұл жағдайда ұлтаралық алауыздық бойынша іс қозғауға болады. 

"Арыз жазамыз. Басқа ұлт өкілдеріне айтарым: Қазақстанда тұру ұнамай ма, регламент, заңнамасы ұнамай ма - басқа елге көшіңіздер. Бұл ұлтаралық алауыздықтың мәдение түрі. "Регламенттеріңізге түкіргенім бар" деп тұр. Қазір кеңес үкіметі жоқ", - дейді заңгер. 

Ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша ұлтаралық алауыздық қоздырғаны үшін арыз жазатынын айтты. 

Еске салайық, 21 қараша күні Рудный қаласында көше атауларын өзгертуге арналған тарихи қоғамдық тыңдау өтті.

Тыңдалымда қаладағы Иван Франко көшесін - Әлия Молдағұлова, ал 50 лет Октября көшесін - Достық деп өзгерту мәселесі қаралды. Рудный қаласының белсендісі әрі жергілікті автомектептің директоры Екатерина Корчагина тыңдау кезіндегі сөзімен қызу талқыға түсті. 

Бұған дейін саясаттанушы Данияр Әшімбаев бұл мәселеге қатысты талдау жасаған болатын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар