Астанада "Заң және тәртіп" жобасы аясында мектеп оқушыларына профилактикалық дәріс оқылды

Ақтоты Жапатова 14 мам. 2025 15:24 377

Елордалық № 6 мектепте прокуратура өкілдері мен танымал қазақстандық актер Дәурен Серғазиннің қатысуымен түлектерге арналған профилактикалық дәріс өткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және өмір жолын саналы түрде таңдауын қалыптастыруға бағытталған "Заң және тәртіп" және "Жас үміт" жобасы аясында өтті.

Прокуратура қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәртіп негіздері, заң сақтаудың маңыздылығы және әр адамның өміріндегі адамгершілік принциптері туралы профилактикалық дәріс оқыды. Сондай-ақ түлектерге болашақ мамандықты таңдау бойынша ұсыныстар беріліп, оларды Құқықтану бағытымен таныстырды.

"Біздің дәрісіміздің мақсаты - өскелең ұрпаққа құқықтық мәдениетті сіңіру. Біз оқушыларды заңға бағынатын мінез-құлыққа және саналы және кәсіби түрде өзін-өзі анықтауға ынталандыру үшін осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізуге тырысамыз", - деп атап өтті Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай.

Іс-шараға белгілі актер Дәурен Серғазиннің қатысуы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол оқушыларға өз өмірінен шабыттандыратын әңгімелер айтып, жеке тәжірибесімен бөлісті және түлектерге өмір жолында табыс тіледі.

"Прокуратураның осындай іс-шараларды өткізуі өте керемет. Мүмкін, олардың арқасында жасөспірімдер қателіктерден аулақ болады. Актердің қатысуы таңғалдырды - ол болашақта бізге пайдалы болуы мүмкін өмірлік оқиғаларды айтты. Оның тәжірибесіне сүйене отырып, біз қиын жағдайда қалай әрекет ету керектігін жақсы түсінетін боламыз", - деді 11-сынып оқушысы Нұралы Жұмабек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар