Инновациялық дамудың электрондық атласы маңызды бағыттарды айқындайды

Dalanews 01 қыр. 2015 00:01 1153

Қазақстан ғылымы жаңа экономикалық идеялар, ғылыми ашылымдар, технологияларды серпінді жүзеге асыруды қажетсінеді, өйткені ғылымы мен инновациясы екінші орындағы басымдыққа ие ел еш салада бірінші болып бағы жанбайды.

Бүгінде Қазақстанның ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,26%ын құрайды. 2030 жылға қарай 3%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр немесе он екі есе көбейту, бұл 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды.

Дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, ҒЗТКЖ (ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс) жасауда негізгі үш қағидаға сүйенеді екен. Алғашқысы, ғылыми білім – болашақтың кілті, екіншісі, технология дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші, үшіншісі – үкіметтің жауапкершілігі ғылым мен технологияны ынталандыру.

Бүгінгі таңда инновациялық белсенділік дегеніміз – ел дамуының негізгі факторы, әлемдік экономикадағы көзбасшылық позициялардың бірі. Сондықтан тек мемлекет деңгейінде емес, әрбір аймақтың, бизнес субъектінің өз деңгейінде инновацияның маңызы әсіресе әлемнің бұрын көріп-білмеген қазіргідей ең қуатты технологияларға көшіп жатқан тұсында арта түседі.

Бүгінге дейін Қазақстанда экономика саласын әртараптандыру және инновацияларды ауқымды түрде енгізу аясында көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанымен, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже бермеді. Осыған байланысты инновациялық дамудың деңгейін бағалаудың әдістемесін жасау және оның инновациялық  әлеуетін жүзеге асырудағы мәселелерді шешу күн тәртібіндегі мәселе.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Р.Сағиева инновациялық үрдістерді басқару тиімділігін айқындау мақсатында шаруашылық иерархиясының әртүрлі деңгейлеріндегі оның қазіргі жай-күйінің ерекшелігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті бағалау көрсеткіштерінің бейімделген жүйесі әзірледі. Ғалымдар ұжымымен әзірлеген осы өлшемдер «InnoMap.kz» Қазақстанның инновациялық дамуының электрондық атласы» ақпараттық жүйесінің негізіне еніп отыр. Қабылданған шешімдер мемлекеттің инновациялық салалары мен аймақтық даму тиімділігін басқару шараларының бөлігі болып табылады.
Қазақстанда инновациялық қаржыландыруға басымдық беру керек, бұл ғылым және технологияны дамытуға, технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру сынды ірі келісімдерге қол жеткізеді. Мысалы, мотор жасау, құрылыс, озық технология саласы, технологиялық қайта инвестициялау, зертханаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін қолдану сынды үдерістер. Сонымен қатар венчурлік қаржыландыру да инновациялық үдерістерді басқаруды жетілдіреді, экономикалық әлеуетті қалыптастырады, ғылымға құйылған қаржы еселеніп қайтады.

Электронды атлас – Қазақстан Республикасындағы инновациялық үдерістерді тиімді басқару құралы. Мысалы, Павлодар өңірі, электронды атласта көрсетілгендей, металлургия өнеркәсібі пен машина жасауды дамытуда үлкен мүмкіншілігі бар аймақ. Павлодар облысы республика бойынша барлық көлемнің 51%-ын алады. Осылайша өңір инновациялық өнім өндіруде көшбасшылық танытып келеді.  Барлық өнімдер қайта енгізілген немесе айтарлықтай өзгеріске ұшыраған технология негізінде жасалған.

00231

Аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инновациялық үдерістер облыстық инновациялық инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік береді. Олардың қатарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Евразия университетінің инновациялық орталығы, сонымен бірге Ақсу ферроқорытпа зауытының ғылыми-техникалық бөлімі, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы және өзге де ірі кәсіпорындар бар.

Аталмыш орталықтар білім беруді біріктіру, ғылым және өндіріс, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және зерттемелер жасаумен айналысады. Осы ретте индустрияландыру картасы аясында облыста құны 229 млрд. теңге болатын 60 жоба жүзеге асырылып, тұрақты 5,3 мың жұмыс орны құрылды. Бұл ғылым негізінде инновацияны дамыту елдің әлеуметтік- әлеуетін жақсартып, өңірдің  экономикалық оң жағдайын  қалыптастырады деп айтуға толық негіз бар.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда инновациялық қаржыландыруға басымдық беру керек, бұл ғылым және технологияны дамытуға, технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру сынды ірі келісімдерге қол жеткізеді. Мысалы, мотор жасау, құрылыс, озық технология саласы, технологиялық қайта инвестициялау, зертханаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін қолдану сынды үдерістер. Сонымен қатар венчурлік қаржыландыру да инновациялық үдерістерді басқаруды жетілдіреді, экономикалық әлеуетті қалыптастырады, ғылымға құйылған қаржы еселеніп қайтады.

Арайлым БИМЕНДИЕВА, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі қызметкері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар