Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымдары Алматы облыстық сотына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы мәлімет Сот кабинеті сайтында жарияланды. Портал дерегіне сәйкес, іс 13 қаңтарда судьяға жолданған.
Осылайша, процесс тараптары үкімге келіспей, оны жоғары сатыдағы сотта қайта қарауға ниетті екенін білдіріп отыр.
Еске салайық, сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау баптары бойынша айыпты деп таныған болатын. Айыптаулардың жиынтығы бойынша Қасымбаев 12 жылға бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Үкім жарияланғаннан кейін Хасан Қасымбаевтың қорғаушылары Нариман Кервенов пен Гүлмира Бабажанова сот шешімімен келіспейтіндерін айтты.
