Ұлттық экономика министрі теңге бағамына қатысты түсініктеме берді

Кәмшат Тілеухан 30 қаз. 2024 15:06 3192

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында теңге бағамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нұрлан Байбазаров атап өткендей, теңге бағамына нарықтық факторлар әсер етуде. Қазіргі уақытта шетел валютасына сұраныс күрт артқан, өйткені экономикада жобалар жүзеге асырылуда және жалпы ел даму үстінде, халық та доллар мен евроны көптеп сатып алып жатыр. 

"Тоғыз айдың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460 теңгеден сәл асты, яғни біз 460 болады деп жоспарлағанымыздай, қазір бағам осы дәлізде қалыптасқан. Теңге бағамы құбылмалы, бірақ орташа бағам сақталып тұр. Жыл соңына дейін біздің әлі де мүмкіндіктеріміз бар (теңгені нығайту бойынша), ертең - қараша айында салық кезеңі басталады, біздің ірі экспорттаушыларымыз салық төлей бастайды. Менің ойымша, олар валюта айырбасы арқылы салық төлейді. Оның үстіне Ұлттық қордан алынатын трансферттер әлі де бар. Ұлттық банк конверттеуді жүргізеді", - деді Нұрлан Байбазаров.

Осылайша ол жыл соңына дейін теңге қатты құнсызданбайтынын анық аңғартты.

Бұған дейін доллар неге қымбаттап жатқанына қатысты Ұлттық банк басшысының берген түсініктемесін жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар