Трамптың жоспары: Зеленский кездесуге ниетті

Асель Қайратқызы 21 қар. 2025 12:38

Украина халық депутаты Алексей Гончаренко өзінің Telegram-арнасында Трамптың Украинаға арналған бейбітшілік жоспарын жариялады. Ол 28 тармақтан тұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Украинаның қауіпсіздігі және саяси мәртебесі

Жоспардың осы бөліміне сәйкес, Украинаның егемендігі бекітіледі, АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерін белгілі шарттармен береді, Конституцияда Украинаның блокқа кірмейтін мәртебесі мен НАТО-дан бас тартуы нақтыланады, украин әскерінің саны шектеледі және елдің ядролық емес мәртебесі сақталады.

Аумақтық мәселелер

Аумақтық мәселелер шеңберінде Қырым, Донецк және Луганск Ресейдің де-факто бақылауында болып қалады, ал Херсон мен Запорожье жанжал сызығы бойында «мұздатылған мәртебе» алады. Сонымен қатар, Трамп Ресейдің де-факто бақылауындағы әскери күшсіз буферлік аймақ құруды ұсынады, екі тарап та шекараларды күшпен өзгертпеуге міндетті болады.

Оған қоса, жоспарда әскери келісімдер бойынша Украинада НАТО әскерлерін орналастыруға тыйым салу қамтылған. НАТО ұшақтары Польшада орналастырылады. АҚШ пен Ресейдің қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобын құру ұсынылады және Ресей тарапынан шабуыл жасамау саясаты заңдық түрде бекітіледі.

Украинаны қалпына келтіру

Украинаны қалпына келтіру мәселелері арнайы инвестициялық пакеттің құрылуын, Ресейдің 100 миллиард долларлық бұғатталған активтерін пайдалануды, олардың 50%-ы АҚШ-қа берілетіні, сонымен қатар, Еуропадан қосымша 100 миллиард евро бөлуді және Украина Даму Қорының құрылуын қамтиды.

Ресейге қатысты

Трамп жоспарында әлемдегі Ресейдің позициясына арналған тармақтар санкцияларды кезең-кезеңімен жою, елді G8 форматына қайтару және АҚШ-пен ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық орнату сөз болған.

Адамгершілік мәселелер қағидасы бойынша тұтқындарды айырбастауды, отбасыларды қайта біріктіруді және білім беру саласында төзімділік бағдарламаларын енгізу көзделген.

Трамп жоспары энергетика және ерекше объектілерге қатысты тармақтарды да қамтиды. Оларға МАГАТЭ бақылауындағы Запорожье АЭС-ін іске қосу, электр энергиясын Ресей мен Украина арасында 50/50 бөлу, сондай-ақ, АҚШ тарапынан Украина газ инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмек көрсету кіреді.

Украина ішкі саяси процестер шеңберінде бейбітшілік жоспары қол қойылғаннан кейін 100 күнде сайлау өткізу, сонымен қатар, қақтығысқа қатысқан барлық тұлғаларға толық амнистия жариялау көзделген.

Жоспардың орындалуын бақылауды Трамп басшылық ететін «Бейбітшілік кеңесі» жүзеге асырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар