Алматыда балаларын жекеменшік мектепке берген ата-аналар шағымдануда. Мектептен тамақ жеген балалар жиі ауыратын болған. Түскі асқа берілген ашыған сорпа мен өлі тышқан түсірілген видео оларды қатты алаңдатуда, деп хабарлайды Dalanews.kz
КТК телеарнасына дайындаған репортажда Карлығаш Тагаеваның қызы биыл жекеменшік мектептің бірінші сыныбына барған, алайда үш айдың ішінде қызын сабақ үстінен үш рет алып кетуге мәжбүр болған. Қызы ішінің ауырғанына шағымданып, құсып, дене қызуы көтерілген. Дәрігерлер мұны улану деді. Кейін белгілі болғандай – мұндай жағдайлар жиі болған.
Асханаға шағымдар түскен: тағамның порциясы аз, көкөністер бұзылған, ыдыста жиі шаш кездеседі. Түскі асқа берілген бұршақ сорпасының қышқыл иісі және асхана аумағынан табылған өлі тышқан ата- аналарды алаңдатуда.
Сорпаның қышқыл иісі бойынша директор бұршақты дұрыс дайындамады деп түсіндірді. Жалпы, әр тағамды берер алдында медбике тексереді. Бірақ сол күні ол күдікті ештеңе байқамаған.
«Кейін сорпаны тарата бастағанда иіс шықты және біз дереу шара қабылдадық. Келесі аптада бізде жаңа оператор, жаңа мәзір болады. Біз бәрін ата-аналарға көрсетеміз, олармен бірге жұмыс істейміз. Және жаңа бракераж комиссиясын құрамыз, оған тікелей оқушылардың ата-аналары кіретін болады», — деп ТОО «Abroy School» бас директоры Қанат Ахмедов түсіндірді.
Ол тышқандар туралы да пікір білдірді. Кеміргіштер даладан кіріп кетеді, бірақ мектепте үнемі дератизация жүргізіледі дейді. Енді білім ордасына санитарлық дәрігерлер келеді. СЭС мәлімдегендей, бұл мектепте оқушылардың ата- аналарынан келген алғашқы шағым. Ал әзірге әкімшілік ревизорлардың келуін күтіп, асхананы толықтай жауып тастаған.
