Акцияның мақсаты - жасырын және қалыптан тыс еңбек қатынастарын қысқарту, жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін көтеру болмақ.
Айта кетерелігі, кәсіподақ жарналары бойынша қаражаттың орта есеппен 70 пайызы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қалып, ал 30 пайызы кәсіподақ аппаратының қалыпты жұмыс істеуі үшін облыстық және республикалық деңгейдегі кәсіподақтарға бөлініп келеді.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымдары өздерінің кәсіподақ жинақтарын өз ұжымындағы кез-келген іс-шараға жұмсауға құқылы. Бұған дейін әлеуметтік төлемдер кәсіподақтарға бағытталып, ұйымдар жұмысшылар үшін жолдамаларды сатып алып, оларды өз бағасынан 90 пайыз арзан немесе тегін таратып келді. Айта кетейік, өткен жылы 10 салалық кәсіподақта 4100 адам сауығуға жолдама алған. Оның ішінде 3000-ға жуық жолдама Түркістан облысының білім беру және ғылыми қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетіне тиесілі, ол мақсатта 160 миллионнан астам теңге бөлінген болатын», - деді Берік Бекжанов.
Сонымен қатар, өңірдегі кәсіподақ бірлестігі облыстық сотпен әріптестікті жалғастыратын болады.
Бұл тұрғыда жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мақсатында аумақтық кәсіподақ орталығында іс-шаралар жоспары түзілген. Оның бірінші бағыты бойынша татуластыру қызметтері орталығын құрып, еңбек дауларын сотқа дейін шешу болмақ.