Талғат Арданның қайда жүргенін интерпол да білмейді

Көркем Алдабергенова 06 нау. 2025 12:19 487

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астанадағы LRT құрылысы кезінде қаржы жымқырды деген айыппен сотталғандарды құқық қорғау органдары неге Қазақстанға қайтара алмайтынын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Шенеуніктің мәліметінше, Интерпол «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіріп жатыр.

- Іздеудің бірнеше түрі бар. Біздің құқық қорғау органдарымыз көбіне мемлекеттік ішіндегі іздеу жұмыстарымен айналысады. Ал халықаралық іздеумен интерпол айналысады. Біз сәйкесінше интерполға тапсырма береміз, олар сонымен айналысады, дейді Шындалиев. 

Оның сөзінше, интерпол әзірге сырттай сотталғандар қай елдерде екенін анықтай алған жоқ, сондықтан оларды Қазақстанға экстрадициялау мүмкін болмай отыр. Журналистер Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтың әлеуметтік желіде бейнероликтер жариялап жатқанын атап өтті.

- Экстрадициялау үшін интерпол ол адамдардың нақты қайда жүргенін анықтауы керек. Содан кейін экстрадициялық қамауға алуымыз мүмкін. Әзірге интерпол тарапынан олардың қайда жүргені туралы нақты ақпарат жоқ, дейді бас прокурордың орынбасары. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар