Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы заң ғылымдарының докторы, профессор. VI шақырылым ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанандағы Сыбайлас жемқорлаққа қарсы Республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, ТМД қатысушысы – мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясы Ғылым және білім бойынша тұрақты Комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық кураторы болып қызмет атқарды.
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғам қазіргі таңдағы жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық салалары үшін кадрлар даярлау мәселелерін жақсарту еліміздің мемлектеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі.
Барлық дамыған елде өндіріс пен бизнес үшін кадрлардың негізгі провайдері техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі болып табылады. Сондықтан ТжКБ ұйымдарына ЮНЕСКО-ның шеңберінде аса назар аударылуда, ал БҰҰ Декларациясы осы жүйені мыңжылдық дамудың мақсатына жатқызады.
Бүгінде ТжКБ жаңғыртуда, оны әдіснамалық қамтамассыз етуді және колледждердің қызметін ілгерлеуді «Таlap» КЕАҚ өз алдына міндет қылып қойды.
Таlap басты мақсаты - барлық жинаған озық педагогикалық тәжірибесін ескеріп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жан-жақты жәрдемдесу және жаңарту. Қызметі келесі стратегиялық бағыттарға шоғырланған:
- ТжКБ оқу процесі мазмұнын жаңарту (ТжКБ жүйесіндегі оқу әдістмелік бірлестіктерімен өзара алмаса қызмет жасай отырып);
- ТжКБ оқытудың сапасын жақсарту және педагогтерінің біліктілігін арттыру;
- ТжКБ тиімділігі мен дәрежесін арттыру (WordSkills қозғалысы дамыту, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, Туриндік процесс аясында сараптама жасау және т.б.).
Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі сапалы білім жүйесімен, сонымен қатар азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру саласы заман талабына сәйкес дамуы тиіс.
Еңбек нарығындағы мамандардың жұмыс берушінің талабына сай білім алуы, құзыреттіліктерді меңгерген айқындалған біліктілігінің болуы, өндірістегі замануи технологиялық процестерді дереу меңгеруде кәсіби машықталуы осы себептен туындайды. Өйткені ТжКБ беделінің жеткілікті түрде жоғары болмауы оқыту сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл өз алдына, жұмыс берушілердің талаптарына сай білім беру бағдарламаларының мазмұнының үнемі жаңарып отырмауына байланысты.
Бұл мәселені шешуде, Таlap ТжКБ ұйымдарында жұмысшы және техникалық мамандарды даярлауға арналған жаңартылған білім беру бағдарламаларын жасау үшін халықаралық тәжірибелерді белсенді зерделеп және оларды әзірлеу бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Тұжырымдай келсек, Таlap-тың жұмысы елбасымыздың айтқан стратегиялық бағыттарын жүзеге асыра отырып, еліміздің ТжКБ дамуына ауқымды үлес қосуға, ТжКБ деңгейінің өркендеуіне, осы саладағы мақсат-жоспарлардың әлі де сапалы орындалуына бағытталатын болады.