2015 жылдан бастап сумен жабдықтау объектілерін салу мен реконструкциялауды қаржыландыру көлемі 8 есеге, халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 85-тен 96,5%-ға дейін ұлғайғанын және бұл көрсеткіш ел бойынша жалпы көрсеткіштен жоғары екенін атап өтуіміз керек.
Қала мен ауыл арасындағы жағдайды теңестіру үшін 2015 жылдан бастап 288 мың тұрғынды қамтитын 294 ауылда су құбыры салынған.
2025 жылға дейін 84 ауылдық елді мекенде су құбырын салу, 30 ауылда қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл мақсатқа 75 млрд теңге қажет болады.
2025 жылға қарай барлық елді мекендерді сумен қамту мақсаты тұр. Ағымдағы жылы 48 нысанды іске қосумен 55,2 млрд теңгеге 63 жобаны іске асыру жоспарланған.
Шағын ауылдарда суды тазарту мен таратудың блокты-модульді станцияларын орнатылды. Өткен жылы 51 станция, ағымдағы жылы 52 (484,5 млн.теңге) және келесі 2 жыл ішінде осындай тағы 70 станция орнатылатын болады. Нәтижесінде ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамту жыл соңына дейін 83,2%-дан 92,2%-ға дейін артады. Ал жалпы облыс бойынша халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі 96,5%-ды құрайды.