Жас шығысқазақстандықтар енді алысқа бармай-ақ IT-бизнес негіздерін үйренуге мүмкіндік алады.
– Бұл біздің облыстың IT-саласын дамыту үшін болашағы зор бастама болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың маман даярлау туралы тапсырма бергенін бәріміз білеміз. Бұл жерде университет пен IT-хабты шоғырландыру, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен балалар үшін IT саласында білім алуға және оны дамытуға жақсы мүмкіндік береді, – деп есептейді ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.
Д. Серікбаева "Astana Hub" басқарушы директоры Алина Абдрахманованың айтуынша, курстың басты мақсаты – балаларға идеядан Стартапқа қалай жетуге болатынын көрсету деген ойын жеткізді.
– IT-бағыттарды танымал ету, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, білім беру бағдарламаларын, бизнес-инкубациялық бағдарламаларды ілгерілету, Өскемендегі стартап өнімдерді нарыққа шығару және инвестициялар тарту тұрғысынан да республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейге шығуы үшін қажет, – деді "Astana Hub" басқарушы директор Алина Абдрахманова.
Айта кетейік, Astana Hub – Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі. Қазіргі уақытта технопаркте 1000-нан астам қатысушы бар. Олардың 217-сі шетелдік компаниялар.
Astana Hub резиденттері барлығы 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Astana Hub-та білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. 19 000-ға жуық адам оқыды, ал инкубация және акселерация бағдарламаларын 2 000-нан астам адам аяқтады.
Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдай жасалуда. Astana Hub жаһандық миссиясы-инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жас және дарынды IT-мамандарды тарту ошағына айналуды көздейді.