Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының амбулаториялық қызметінің жетекшісі Гүлнар Келгенбаева орталық жанынан ұйымдастырылған мобильді бригада өздеріне тіркелген аумақта қалай қызымет етіп жатқанын қысқаша әңгімелеп берді.
– Біздің поликлиникамызда 2 моблильді бригада жұмыс істейді. Жәдел әрекет ету тобына күніне 40 жуық қоңырау түседі. Бұдан басқа мобильді бригада еңбек етіп жүрген дәрігерлер індеттен жазылып, үй карантинінде отырған пациенттердің де денсаулығын бақылайды. Қазіргі таңда мобильді бригада жедел жәрдем жұмысына айтарлықтай жеңілдетіп отырғанын айта кетуіміз керек. Осылайша атылымыш бригада медициналық жұмысты реттеуге айрықша септесуде. Кей кезде мобильді бригаданың құрамындағы әріптестеріміз пациенттеріне телефон арқылы қашықтан кеңес беріп, қалай емделудің жолын түсіндіріп береді, – дейді Гүлнар Келгенбаева.
Осы ретте мобильді бригада дәрігерелердің рецепті бойынша науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізіп беру ісімен де айналысатынын айта кетуіміз керек.
– Менде КВИ-дің белгілері байқалған сәтте бірден поликлиникаға хабарласқанымда, бірден мобильді бригада келіп, жан-жақты тексерді. Сараптама қорытындысында вирус белгілері анықталмаса да жедел әрекет ету тобының дәрігерлері дәрігер тағайындаған дәрілерді жеткізіп берді. Жұртқа барынша көмек қолын созып, сапалы медициналық қызмет көрсетіп жүрген мобильді бригада қызметкерлеріне алғыс айтамын, – деді Өскемен қаласының тұрғыны Людмила Онищук
Қазіргі таңда облыс аумағында 373 мобильді бригада аудан, қала және елдімекендерде сапалы қызмет көрсетуде. Осы ретте жергілікті билік орындары мобильді бригадаларға қажетті тарнспортпен қамтамасыз еткен. Кейбір жерлерде әкімдік қызметкерлері жедел әрекет тобына өздерінің қызметтік көліктерін ұсынғанын айта кетуіміз керек.