Серікжан Бескемпіров: Шаруаларға пай беру керек

Dalanews 18 мау. 2016 03:55 834

Пай алмаған ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне оны иеленуге мүмкіндік беру керек. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі барысында өңір басшысының орынбасары Серікжан Бескемпіров мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Ауылда жұмыс істегендерге бұрын еңбек өтіліне қарай мүлік пен жерге пай берілді, осылайша құрылыс инвестициясы мәселесі шешілді. Адамдар бұл пайға трактор, жер, қойма алды. Бізде 272 млн га жер бар. Алайда соңғы уақытта оның 1%-дан астамы ғана жекеменшікке берілді. Бұл ауыл шаруашылығының дамымай жатқанын көрсетеді. Агроөнеркәсіпті дамыту үшін осы саланы көркейтуіміз керек. Бізде бірнеше ұрпақ жұмыс істеп келе жатқан диқандар бар, бірақ олар жерге пай ала алмайды. Мен осы мәселеге назар аудару керек есептеймін. Жер кодексінде егер адам жерді ала алмаса, оның конституциялық құқығы бұзылатыны айтылған. Біз халықтың сенімін шығу үшін жағдай жасауымыз керек», - деді С. Бескемпіров.

Ол сондай-ақ 49 жылға дейін сатып алу құқығымен жалдау әдісін қалдыру керек екенін атап өтті.

«Қазақстандықтарда жерді бірден сатып алатын ақша жоқ, ал оларға мүмкіндік берілуі керек. Егер шетелдік инвестицияны тарта білсек, ішкі инвестицияға да көңіл бөлу маңызды. Біз барлық жағдайды пайдалануға тиіспіз», - деп түйіндеді әкімнің орынбасары.

Дереккөзі: BNews.kz




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар