Саяси қуғын-сүргін мен аштық жылдары тарих қойнауына сіңіп, запыранды һәм қанды жылдар тізбегі бізден қаншалықты алыстаған сайын, оның қоғамға, елге, әрбір отбасына әкелген қайғы-қасіреті әлі күнге дейін жүректерді сыздататыны жасырудың жөні жоқ.
Қазақ журналистерінің қолына қалам алып, еш кінәсіз қуғын-сүргін құрбанына айналған аға ұрпақ өкілі жайлы ой тербеуі өте маңызды. Сталиндің қуғын-сүргін жылдары айбы болмаса да абақтыға жабылып, аталған азаматтардың рухына бас иіп бұл бағытта зерттеу материалдарды үздіксіз жаза беруіміз керек.
Кеңестік солақай саясаттың құрбанына айналып, атақты «үштіктің» әмірімен айдалып, сотты болып, жазықсыздан-жазықсыз «жазықты» атанып, қоғамға сіңірген еңбегі ескерілмей, туған халқына «жау» атанған арыстарымыз кейіннен ақталып, том-том ісі мұрағаттардан табылып жатыр.
Бүгінде тарих ақтаңдақтарының бетпердесін ашуға зерттеушілерден бөлек мемлекетімізде айтарлықтай үлес қосуда. Осылайша ақиқат әділеттілік жағында екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Саяси қуғын-сүргін Алаш арыстарын қынадай қырып, қазақтың ұлттық генефонына балта шыбылағанын қазіргі жас ұрпақ әсте есінен шығармауы тиіс. Сол кезеңдегі қанды тарихқа назар аударсақ, қазақтың арда ұлдары Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақовтың 1937 жылғы 27 қыркүйекте бір баппен айыпталып, бір күнде атылғанын байқаймыз. Алашорда алыптырының Мәскеу түбіндегі монастырь ауданы аталып, «Дон зиратына» жерленгені кейіннен білдік.
Сол зұлмат жылдарында жазықсыз жапа шегіп, құрбан болғандарды ұдай еске алып, алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталанбауы үшін өткен тарих бізге сабақ болуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының жүрегіне жазылмайтын жара салып кеткенін айтқан болатын. Сондықтан саяси қуын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыстар елімізде соңғы уақыттары қарқын алғанына куә болаудамыз. Айталық, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас болуымен іске кіріскен Саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия бірнеше жылға созылған жұмысын түйіндеп, саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарына қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынды.
Комиссия жұмысына еліміздегі беделді тарихшылар тартылып, оларды бұл бағытта алаңсыз жұмыс істеуіміне мемлекетіміз жағдай жасады. Нәтижесінде 200-ден астаын көптөмдық зерттеу жұмыстары жарық көрді.
Біздіңше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз. Мұндай кешенді жұмысты Кеңес Одағының шекпенінен шыққан елдер ішінде Қазақстан ғана бірінші болып қолға алып отыр. Бұл өте маңызды қадам.
Қазіргі таңда Мемлекеттік комиссия шығарған көптомдықтар еліміздегі кітапханаларға таратылып, осыған дейін құпия болып келген көптеген құжаттарға халықтың қолжетімділігі артты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, олардың мұраларын ел ішінде кеңінен таныстыру үшін алдағы уақытта маңызды құжаттарды цифрлық жүйеге көшіріп, көпшіліктің құжаттармен оңай танысуына жол ашудың маңызы зор. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстарда қолға алынуда.
Осылайша Қазақ елі саяси қуғын сүргін және қолдан ұйымдастырылған аштық құрбандарын ақтауда кешенді жұмыстар жүзеге асырып жатыр. Бұл жұмыстардың табысты болуына барша қазақ мүдделі десек болады.