Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазгидромет" Ақтөбе мен Орал тұрғындарына ескерту жасады. Синоптиктердің мәліметінше, 2 мамырда бұл қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Мамандардың сөзінше, мұндай жағдайда желдің әлсіз болуы, тұман мен ауа инверсиясы секілді факторлар зиян заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына себеп болады. Соның салдарынан ауа ластануы мүмкін.
