Алматының Алатау ауданында жантүршігерлік жағдай тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Аспан Сити" тұрғын үй кешені маңында иттер тұрғын үйлердің жанында келе жатқан әйелге шабуыл жасаған.
Оқиға салдарынан әйел қатты қорқып қалғанымен, жарақат алмаған. Оған сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам көмектескен.
Шабуыл сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
