Алматыда “Әділет” партиясының кандидаттары білім мен спорт саласының мәселелеріне назар аударды

Алматыда “Әділет” партиясының кандидаттары білім мен спорт саласының мәселелеріне назар аударды
Фото: “Әділет” партиясы

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына "Әділет" партиясынан ұсынылған кандидаттар Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушылары мен қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қаланы дамытудың негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іс-шарада не айтылды? 

Кездесуге партия өкілдері, депутаттыққа кандидаттар және академия ұжымы қатысты. Тараптар білім беру мен спорт салаларын қолдау, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Қазақ спорт және туризм академиясы дене шынықтыру, спорт пен туризм салаларына маман даярлайтын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады. 2025–2026 оқу жылының басында мұнда 4 мыңнан астам студент білім алған. Академия құрылған уақыттан бері 30 мыңнан астам маман даярлаған.

Бірнеше ұсыныс айтылды

Кездесу барысында кандидаттар сайлауалды бағдарламада Алматының дамуына қатысты ұсынылған бастамаларды түсіндірді. Академия қызметкерлері де қаладағы өзекті мәселелер жөніндегі пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсынысын ортаға салды. Партия өкілдері көтерілген мәселелер алдағы уақытта пысықталатынын жеткізді.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Шыңғысхан Маманов мұндай кездесулердің тұрғындардың нақты сұранысын анықтауда маңызды екенін атап өтті.

"Біз үшін сайлауалды бағдарламаны таныстырумен ғана шектелмей, тұрғындардың пікірін тыңдау, олардың нақты қажеттіліктерін түсіну және қаламыздың дамуына ықпал ететін бастамаларды ескеру маңызды. Ашық диалог пен нақты ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қала тұрғындарының мүдделерін білдірудің негізі болуы тиіс", – деді Шыңғысхан Маманов.

Кездесу соңында кандидаттар академия қызметкерлерін 29 қарашада өтетін сайлауға қатысуға және «Әділет» партиясын қолдауға шақырды.

Партия өкілдерінің мәліметінше, Алматыдағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасады. Басқосулар барысында сайлауалды бағдарламаның бағыттары таныстырылып, қала тұрғындарының ұсыныстары жинақталады.

Тапсырыс беруші: Канкуров С.В.
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді