Қос ұлттың құнарынан нәр алған бақытты ұрпақпыз

Dalanews 28 қыр. 2021 04:57 1603

«Ұлттарды алаламай, ұлыстарды бөлмей, бауырына басқан Қазақстанның әрбір жетістігі – бiздiң де табысымыз» дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, балқар ұлтының өкілі, немере баққан әже Людмила Хочиева туған халқының дәстүрі мен өнегесі жайында Dalanews.kz ақпараттық агенттігінің тілшілеріне әңгімелеп берді.  

– Саясаттын шырмауында тұтылған ежелгi нарттардың елі – балқар халкының жері. Балкарлар Кавказдың ен биiк тауларында өмір сүріп жатқан халықтардың бiрi. Орталық Кавказдың тау бөктері мен шатқалдарына орналасқан. Малка, Баксан, Чегем, Черек өзендері мен оның тармақтарының алқабын жайлаған. Орналасқан жеріне қарай малкарлар, бызынгылылар, холамдылар, четемділер, урусбиліктер-бакъсанчылар болып шағын топтарға бөлінеді. Ел аумағында таулы шыңдары мен қалың орманы, құнарлы жазық алқаптары мен көкмайса, шалғынды белдері бар.

Балқарлар 1827 жылы, ғасырлар бойы қалыптаскан өзіндік таулық, әдет-ғұрпы, әлеуметтік құрылымы мен шариғат сотын және мұсылман дінін сақтай отырып, Ресейдiң кұрамына енеді.

Қазіргі Кабарда-Балқарияның түпкілікті халқы тұрақтаған, ондағы саны 85,1 мың, әлемде 180 000, Қазақстанда сол халықтың 3000-ы мекендейді. Алтайдан шыққан балқарлардың қалыптасуында үш бiрдей этникалық компоненттер әсер еткен кавказ тiлдi халықтар, IY-Y ғасырларда Орталық Кавказ таулы белдеуiнде пайда болған ирантілді аландар, кубан болгарларының сiңiсуi және XIII ғасырда Кавказ тауларына қоныс тепкен, кейіннен алан – осетиндермен сiңiсiп кеткен қыпшақтардың ықпалы болған деседi. Балқарлар көршілес жатқан кабардиндермен, сандармен, грузин-рачиндіктермен араласа тiршiлiк еткен. Ежелгі шаруашылығының басты түрі мал шаруашылығы, қойдың жүнiнен киiз басып, бурка өңдеп, күміс-алтын, терi мен ағаш өңдеген, тұз шығару, қорғасын, күкірт алумен айналысқан, бал арасын өсiру де балқарларға тән кәсіп.



Балқарлар өмiрiндегi күрделі өзгерiс 1917 жылғы қазан төңкерiсi нәтижесінде басталды. 1922 жылы 16 желтоқсанда Кабарда-Балқар автономиялық облысы құрылып, 1936 жылы 4 желтоқсанда автономиялык республика болып өзгереді. Балқарлар республика халқының үштен бір бөлігін құрайтын. Кеңес үкiметi орнап, шаруашылық жүргізу үрдісі өзгеріп, жаңа мәдениеттің салдары салт-сананы да өзгерте бастайды. Халықтың асыл қазынасы деп аталатын, ата-бабадан балаға жетіп, өзiндiк ерекшелiгi мен сипатын сақтап, ұрпақтар арасын жалғастырып тұратын алтын арқау – халықтың дiни сенiмi, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары болса керек. Біздер өз тілінде сөйлеп, өз елiнiң салт-дәстүрiнiң салтанатының ортасында өciп, халық қазынасының каймағын қалқып алып, өзегiн бойына ciңiрген ұрпақтың өкiлi емеспіз. Әйтсе де, әженiң әлдиімен, ананың мейiрiмiмен, әкенің тәрбиесiнен шыққан тегiмiздi ұштадық. Болмысымыз бiр қазақ халқының салт-дәстүрлеріне бойлап, түбi бiр ұқсастығымызды айшықтадық. Екi елдiң даналығынан сусындап, қос ұлттың құнарынан нәр алған бақытты ұрпақпыз деп айтуға болады. Сыйластығы жарасқан жанұямызда әжемiз Патиматтын тәрбиесi басым болды. Қолы берекелі әжемiздiң iрiмшiк салынған ыдысы ешқашан құрғамайтын, балқарлардың талғап жейтін асы – тұздалған iрi малдын шекесi салынған ағаш бөшке ас үйдiң бiр бұрышында сақтаулы тұратын. Оған қоса түрлi тұздығы бар, тәтті тағамы бар, піскен наны бар, әжеміз ас-суға мығым жан еді. Тағамға толы дастарқаны ешкашан жиналмайтын. Келіп-кетіп жататын қонақтарды қарсы алып, астан дәм тигізбей жiбермейтiн. Ендi барлап қарасам, қонақжайлык өзіндік тәртiбiмен қалыптасқан ретi бар, бiр өнер екен. Әжем ешқашан «былай ету керек» деп, немесе мұның ретi солай деп түсiндiрген емес. Күнделiктi тiршiлiкте айтқан сөзi, iс-қимылымен ағайын-туыс арасындағы беделімен барлығымызға өнегесін көрсете білді. Әйелдің ер-азаматтардың алдына көп шыға бермейтін халқымыздың канға сiңген әдетіне қарамастан, әжемiздiң орны өте бөлек еді.

Ауылымыздың жасы үлкен ақсақалдары да асыл ананы қадірлеп өттi, ешкiм әжемізге қарсы келместен үлкен сыйластықтың үлгісін көрдік. Аттың төбелiндей аз ғана балқарлардың ортасында беделдi бола жүріп, қызу тiрлiгiнен қалмай, барлығымыздың өмiрiмiздiң мәніне айналыпты. Атамызды немiс басқыншылары Ұлы Отан соғысы жылдарында өзге де балқарлармен бірге тірідей көміп тастап, өлтірген екен. Әжемнiң «Атаң мен басқа да балқарлар тірідей көмілген шұңқырдың топырағы үш күн бойына тербелiп тұрды» деген сөзін еске алсам, әлі күнге дейiн денем түршігіп кетеді. Нальчик қаласын немiстерден азат еткенге дейiн, тiрiдей көмiлген боздақтарының сүйегін ала алмай, азалап жылай алмай қан жұтқан аналар көз алдыма елестейдi.

Сол зобалаңды көзiмен көрген әжем, адам баласына жаман сөз айтпай, қарапайым қалпынан айнымай өмір кешті. Бертін келе ақ жаулығын тартып алып, бойын тік ұстап, мәшинеден түсіп жатқан қалпы елестейдi. Ортасының сәнiне айналып ұзақ та баянды ғұмыры өнеге болғаны   даналығының бiр белгiсi болар. Кiнәз тұқымынан шыққан әжем көп сөйлемейтін, басынан өткен ауыртпалықтарды айтып та айналасындағыларды мезі етпейтін. Сол асыл әжемдi әлі күнге бір сәт естен шығармаймын.

Қазақстандағы тыныш та бейбіт өмiрiмiзге тәубе айтамын. Ұлтымыздың жастарына: «Өз тарихтарыңды бiлiңдер. Тiлдерiң мен дiндерiңдi ұмытпаңдар. Бiрақ сендердiң Отандарың Қазақстан. Мұны естен шығармаңдар Қазақтын кең пейілділігі, мейірлілігі, салт-дәстүрi, тiлi бiзбен ұқсас. Бiз туысқан халықтармыз. Қазақ елі дамыса, біз де дамимыз, қазақ елiнiң көсегесі көгерсе, біз де өркендейміз» деп өнеге етемiн өткен күндердi.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар