Ташкенттің төрінде саудаланған дәрі-дәрмектерді ел азаматтары тегін алуы керек болған. Бірақ дәрілер көрші елдің астанасындағы дәріханаларын жіберіліп отырған.
Бүгінде заң орындары халыққа тегін берілуі тиіс дәрілердің көрше елге өтіп кетуіне Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласындағы медицина мекемелері кінәлі екенін айтуда.
Өйткені заң орындары Ташкентте саудаланған дәрі-дәрмектердің бәрі аталған мекемелерге тиесілі екенін анықтапты.
Тексреу барысында көрші елде Қазақстанның басқа да дәрілік заттары саудаланғанына көз жеткізген.
Айтпақшы, прокуартура өкілдері бұл контробандалық әрекетке бір медбикенің қатысы бар екенін анықтапты. Ол көрші елге «Фраксипарин» деген дәріні өткізіпті. Өз кезегінде Шымкент қаласы прокурорның орынбасары Бахтияр Мұхамеджанов былай деді:
– «Фраксипарин» деп аталытын препаратты көрші елге саудалаған медбике 835 мың теңге төлеп, келтірген шығынның орнына толтырды. Сол себепті 2019 жылдың қыркүйек айында оған қарсы ашылған іс тоқтатылған. Қалған материалдарды мемлекеттік ішкі аудит мекемесі тексеріп жатыр, – деді.
Бір жылдан бері ас ішектей шұбатылған іске қашан нүкте қойылатыны әзірше белгісіз. Айта кетуіміз керек, қант диабетімен ауратындарға арналған дәрілер Ташкентте нарықтаға бағадан біршама төмен саудаланыпты.