Зираттан темір қоршауларды "ұрлағандар" видеоға түсіп қалды

Көркем Алдабергенова 28 қаз. 2025 13:16

Алматыдағы Боралдай зиратында белгісіз адамдар қабірлерден алынған темір қоршауларды көлікке тиеп жатқан сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыдағы Боралдай зиратында Түркістан облысынан келген белгісіз адамдар қабірлерден алынған темір тұғырлар мен қоршауларды көлікке тиеп жатқан. Бұл жайтты зиратқа келген әйел байқап, суретке және видеоға түсіріп алған.

Оның айтуынша, жұмысшылар болып көрінген адамдар не істеп жатқандарын түсіндіріп бере алмаған және күмәнді бір құжат көрсеткен.

Полицияның түсіндірмесі

Аталған оқиға бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде алынған темір құрылымдардың нақты иесі жоқ екені анықталған. Олар иесіз мүлік ретінде танылып, металл сынығы мен қоқыс ретінде шығаруға жататыны белгілі болды.

Полицияның мәліметінше, жұмыстар зират әкімшілігінің келісімімен жүргізілген. Құқық бұзушылық белгілері анықталмаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар