Атырау облысында мүгедек әйелдің бетіне сірке суын шашқан қарақшы іздестіріліп жатыр

Көркем Алдабергенова 28 қаз. 2025 12:47

Атырау облысында мүгедек әйелдің бетіне сірке суын шашқан қарақшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында қарақшылық шабуыл болды. Белгісіз әйел II топтағы мүгедек, жасы егде жергілікті тұрғынның үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашқан.

Салдарынан жәбірленуші көзінен күйік алып, ішінара көру қабілетін жоғалтқан. Шабуылдан кейін қаскүнем үйдегі алтын әшекейлерді ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілгенімен, кейін оны үйіне қайтарған. Ал оның қызының айтуынша, анасының жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.

"Анамның көздері күйіп қалған. Өзін нашар сезінуде, бірақ дәрігерлер оны үйге жіберді", – деді ол.

Қазір полиция оқиға бойынша тергеу жүргізіп, күдіктіні іздестіруде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар