Депутаттың биі желіде қызу талқыға түсті

Көркем Алдабергенова 28 қаз. 2025 16:44

Депутат Ермұрат Бапидің биі желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео депутат Абзал Құспанның қызының ұзатуында түсірілген. 

Тойға Қанат пен Света Айтбаевтар, «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов келгенін байқауға болады.

Сонымен қатар,ұзатуға мәжіліс пен сенат депутаттары және өнер мен мәдениет өкілдері де келіп қатысқанын көруге болады.

Желіде тараған видеода депутат Ермұрат Бапидің "Қаражорға" әніне билеп жүргенін байқауға болады. Тойда, одан бөлек, депутат Қазыбек Иса, Ерлан Саиров та жүр. 

Қазақстандықтар бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар