Түркістан облысында шенділер тергеу назарына ілікті

Сағыныш Сардарова 28 қаз. 2025 15:54

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz..

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру дерегі тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар