Қазақстандағы ғимараттар мен жолдардың құрылысына, олардың сапасына қатысты сұрақтар күн өткен сайын артып келеді. Ғылыми зерттеулердің нақты экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келмейдігіне қатысты шағымдар көптен бері айтылып жүр. ЕҰУ-дың жол-құрылыс секторына аккредиттелген қызметтердің толық циклін көрсету жөніндегі инжинирингтік орталығы ертеден айтылып келе жатқан аталмыш мәселені шешуге ниетті. Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаева аталған мәселе қалайша жүзеге асырылғандығы жөнінде мәлімдеген-ді.
- Әсел ханым, жобаға қалай келдіңіз?
– Мамандығым метролог, стандарттаушы, алайда мен зерттеушілік жұмыстарға үнемі қызығатынмын. Маған тестілеу, жаңа ғылыми өнертабыстар, жаңа материалдар жасау процесі ұнайды. Тіпті менің докторлық жұмысым цементтің сапасын арттыруға арналды.
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша докторантураның екінші курсында мен Дүниежүзілік банктің грантына өтініш берген болатынмын және Michigan State University-де PHD бойынша ғылыми тағылымдамадан өттім. Ол жерде стандарттау және сертификаттау бойынша докторлық дәрежемді растап, қорғадым және бір жыл уақытымды жаңа цемент құрамын сынақтан өткізуге жұмсадым. Міне, осылайша бойымда құрылыс саласына, жаңа құрылыс материалдары мен жаңа стандарттарға деген қызығушылық пайда болды. Осылайша құрылыс саласына, жаңа құрылыс материалдары мен жаңа стандарттарды әзірлеуге қызығушылық таныттым. Сөйтіп, әлемде өте өзекті саналатын Civil Engineering-тің ортасына келіп қосылдым, сол жерден табылдым. Civil Engineering жасыл технологиялармен, атап айтқанда өндіріс қалдықтарын пайдаланумен тығыз байланысты. Шетелде және Қазақстанда өндіріс қалдықтарының қанша түрі бар және оларды пайдалану бағытында әлем елдерінің мұндай қалдықтарды қарқынды түрде пайдалануға бағыт алғандығы мені таңғалдырды.
Мичиган университетінің базасында құрылыс материалдарын терең, егжей-тегжейлі зерттеу үшін қажетті үлкен зертхана бар, мен, әрине, мұндай зертхана қызметін жан-жақты пайдаландым. Көп ұзамай ғылыми эдвайзерім, профессор Махмуд Хакпен бірлесіп жазған жарияланымдарым жоғары рейтингті басылымдарда жарық көре бастады. Жазған материалдарымда мен құрамы жағынан цементке айтарлықтай ұқсас келетін болат балқытатын қож (шлак) қалдықтарын пайдалану тәжірибесімен бөлістім. Мұндай зерттеулер өзекті болып шықты, себебі аталмыш мәселемен әлемде ондаған ғалымдар ғана айналысатын болып шықты. Содан бері қалдықтарды сапалы және экологиялық таза материалдарға айналдыру менің ғылыми қызығушылықтарымның назарына айнала бастады. Көп ұзамай біз Дүниежүзілік Банк пен ЦДИАӨМ грантын жеңіп алдық, осылайша құрылыс материалдарының құзыретті орталығын құруға қол жеткіздік. Бұл менің ғылыми жұмысымның келесі кезеңіне айналды. Біз жаңа «жасыл» құрылыс материалдарын әзірлеу үшін өнеркәсіп қалдықтарын зерттеу, шикізаттың наноқұрылымдарын зерттеу тақырыбы бойынша топ құрдық. Стандарттармен, зертханаларды аккредиттеу процедурасымен, біліктілігі мен PhD дәрежесімен жұмыс істеудегі практикалық тәжірибем маған ENU-Lab ғылыми-өндірістік орталығына жетекшілік етуге мүмкіндік берді.
Біз шетелдік және қазақстандық ғылыми базаларды салыстырдық, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдадық және зертхананы аккредиттеу саласын барынша кеңейтуден бастау керектігін жіті түсіндік. Әрине, Қазақстанда түрлі қызмет түрлеріне қатысты көптеген аккредиттелген зертханалар баршылық, алайда тапсырыс берушіге идеядан бастап оны енгізуге дейін «КІЛТПЕН» қызмет көрсететін бірыңғай орталық жоқ.
Әрине, грант алу процедурасының өте күрделі болғаны белгілі. Дүниежүзілік Банктің ондаған халықаралық сарапшылары өздерінің ұсыныстарын берді, соған сәйкес біз өзіміздің өтінім құжаттарымызды қайта өңдедік. Дүниежүзілік банктің Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңесі бізге қолдау білдірді. Бұл бізді шабыттандыра түсті. Осы жылы біз қажетті жоғары дәлдікті ғылыми жабдықтарды сатып алдық және қазақстандық құрылыс индустриясы үшін қажетті зертханаларды аккредиттедік. Осы уақытқа дейін ғалымдарымыз цементке жаңа қоспалар жасап, халықаралық патентке қол жеткізді.
Сондай-ақ, біз бір уақытта өзіміздің негізгі міндетіміз – қызметтерді коммерцияландыру бойынша жұмыс жасадық. Аккредиттеу қызметтері бизнес тарапынан үлкен сұранысқа ие. Мәселен, құрылымдық деңгейде цемент сапасын бағалау мәселелеріне қатысты жұмыстар жоқтың қасы. Әрине, кез келген өнімнің егжей-тегжейлі тексерілмейтіндігі белгілі. Бұл жол материалдарын сынауға және жаңа инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қатысты мәселе. Осы айтылғандардың барлығы дамудың келесі кезеңіне айналды. Біз жол зертханасын қайта жабдықтадық және қызығушылықтарымызды одн әрі кеңейте түстік. Ал нарық мұны қолдай бастады. Бізге мемлекеттік және жеке құрылымдар жүгіне бастады. Алғашқы тапсырыстар жасалды, енді бізге штатты кеңейту мәселесі жөнінде ойлана беруге болады.
Әрине, бізден басқа арнайы уәкілетті ҒЗИ, Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетінің бар екенін жақсы білеміз, алайда бұл жерде белгілі бір алшақтықтың бар екені белгілі. Ғылыммен байланысты алшақтық, жол мамандарының тапшылығы, арадағы толыққанды өзара іс-қимылдың болмауы.
Сол себепті де біз кәсіби байланыстарды орната бастадық, қажеттіліктер мен қиыншылық туғызып отырған мәселелерді анықтау мақсатында ғалымдарымыз құрылыс және жол компанияларымен көптеген кездесулер өткізді. Біз олардың сұраныстарын жүйеледік, сөйтіп барлық салалардың, яғни мұнай-химия және құрылыс, көлік салаларының бір-біріне қалай тәуелді болатынын түсіне бастадық. Бұл бізге ғылым нарықтың қажеттіліктері үшін жұмыс істеуі тиіс деген негізгі қағиданы түсінуге мүмкіндік берді. Өкінішке орай, бұл осы уақытқа дейін тек сөз жүзінде айтылып келді.
- Бизнес сіздің диалог құруға деген ұмтылысыңызды қалай қабылдады? Сіздің бизнеспен қарым-қатынасыңыз қай деңгейде өрбіді?
Түсінесіз бе, ғылымның басты кемшілігі - бизнеспен тілдесуді білмейтіндігінде жатыр. Ғалымдардың көптеген әзірлемелері бар, алайда ондай жұмыстар сұранысқа ие ме, жоқ па? Оларды нарыққа қалай ұсынуға болады? Демек, өндірушілер ғалымдарға сенімсіздік артып отыр деген сөз. Олармен диалог құруды мен өзімнің басты миссиям деп білемін. Өндірушілердің әзірлемелерімізге деген қызығушылықтары мені шабыттандырады. Шын мәнінде, олар үшін Қазақстан ғылымы – инкогнито терра (жасырн, астыртын). Бұл әріптестерімнің бойында тамаша сезім ұялатады. Себебі еңбектері ел үшін маңызды бола түсетіні белгілі. Ғылым бизнестің тапсырысы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Керісінше болуы мүмкін емес. Қарапайым болып көрінетін мұндай ойға жете білу қажет. Өзіндік өнеркәсіпті дамытудың, инновациялық материалдарды құрудың, импортты шеттетудің, ығыстырудың кілті осы жерде жатыр. Мәселен, бизнес OSB панельдеріне балама өнімді сұрады делік. Бүгінгі таңда мұндай өнімді сатып алу қымбатқа түсіп отыр, логистика күрделене және қымбаттай түсті. Ендігі міндетіміз – шетелдік аналогтармен сапасы жағынан да, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті технология жасау. Алайда ең бастысы – Қазақстанда көптеп саналатын өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату.
Қазірдің өзінде біздің әзірлемелеріміз сынақтан толықтай өтті, тіпті экопанель жобасына инвестиция салуға дайын инвестор да табылып отыр. Бұл біздің алғашқы бірлескен жобамыз болмақ. Бизнеспен жұмыс істеудің артықшылығы осы жерден көрінеді. Өйткені, өз шешімдерін қабылдауда жедел әрі тәуелсіз әрекет етеді.
- Қазір мегагрантқа қол жеткізіп отырсыз. Қандай шарттар негізінде?
- 2023 жылы Ғылым комитетінің конкурсы аясында біз ҚР-да құрылыс-техникалық Инжиниринг орталығын құруға мегагрант алған болатынбыз. Қазірдің өзінде бизнеске ұсына алатын 20-30-ға жуық әзірлемелеріміз бар. Сонымен қатар, біз әлемде құрылыс индустриясының қай бағытта және оның қалай дамып жатқанын мұқият қадағалай аламыз. Біздің компаниялар құрылыс нарығындағы жаңа тенденцияларды үнемі бақылай бермейді. Біз шынымен де ғылымға, отандық өндірісті құруға үлес қосқымыз келеді. Сол себепті жылдам жеңіске жетудің жолын іздеу үстіндеміз. Ол үшін ғалымдар мен өндірушілер бірігуі тиіс.
- Сіз осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің қолдауын сезінесіз бе? Тиісті мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты тиімді?
- Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ғылымды қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың тиімді болуына қаншалықты бағдарланып отырғанын жақсы сезінеміз. Жапония, Корея, Польша, АҚШ университеттерінен бірнеше ондаған қазақстандық және шетелдік жұмыс тобы жаңа әзірлемелер мен оларды өндіріске енгізу жөнінде тұрақты диалог жүргізуде.
- Шынында да, Қазақстанда ғылымды коммерцияландыруға көп қаражат бөлінуде. Мұндай қаражаттың босқа кетпеуі үшін қандай әрекеттер жасалуы керек, себептерін атап өтсеңіз?
– Біріншіден, бізде табыс әкелетін аккредиттелген зертхана жұмыс істейді. Екіншіден, біз бизнестің қажеттіліктеріне сүйенеміз және әзірлемелерімізді сатып алуға және өндіріске енгізуге мүдделі екі-үш әлеуетті инвесторымыз да бар. Үшіншіден, біздің ғалымдар зерттеу нәтижелерін жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда жариялайды, бұл олардың еңбектері әлемде өзекті екенін растай түседі және мұндай әзірлемелер патенттелген. Төртіншіден, біз ЕҰУ ғана емес, сонымен қатар бірқатар ҒЗИ, ҚазҚСҒЗИ, Жол активтерінің сапасы орталығы, сондай-ақ басқа да техникалық университеттер құрамында жұмыс консорциумын құрдық. Түптеп келгенде, осы жолда жалғыз жүріп келе жатқан жайымыз бар.
Ең бастысы, біз нарықтың қажеттіліктерін түсінетін, кез келген процесті стандарттау және сертификаттау мәселелерін терең түсінетін ғалымдар тобын құра білдік. Біз ғалымдардың ғылыми әлеуетін бизнеске жақынырақ бағыттауға барынша тырысу арқылы тапсырыс берушілердің сеніміне ие болдық.