Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Санаэ Такаити Токио қаласында өткен кездесуде Трампқа номинацияға қатысты құжаттарды тапсырғанын айтқан. Бұған дейін 2019 жылы экс-премьер Синдзо Абэ де Трампты Солтүстік Кореямен жүргізген келіссөздері үшін осындай марапатқа ұсынған болатын.