ШҚО-да полиция басшысы қызметке келгеніне бір күн өтпей ұсталды деген ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 28 қаз. 2025 12:45

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында полиция бөлімінің басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz hronika.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желілерде ҰҚК қызметкерлері Марқакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы, майор Руслан Сейітқановты ұстағаны туралы ақпарат тарады.

Жазбаларда оның пара мен Starlink спутник интернет жабдығын алу кезінде ұсталғаны айтылған. Бұл сыйлықтар "заңсыз алтын өндіруге қамқорлық жасағаны үшін" берілді деген мәлімет тараған.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті түсініктеме беруден бас тартқан. Ал ҰҚК ресми жауапта тек "бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар