Екібастұздағы жаңа электр станциясының құрылысы кейінге қалуы мүмкін

Қаракөз Амантай 28 қаз. 2025 11:08

Екібастұз ГРЭС-3 жылу электр станциясын салуға инвестор табылмады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Әккенженов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Екібастұз ГРЭС-3 құрылысына инвестор анықтау бойынша өткізілген тендерге бір ғана компания қатысты. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тендердің өтуі үшін кемінде екі компанияның қатысуы қажет. Сондықтан тендер өткізілмеген деп танылды", – деді министр.

Оның айтуынша, осыған байланысты министрлік Үкімет аппаратына бір көзден келісімшарт жасау жөнінде шешім қабылдау туралы хат жолдаған.

"Қазір Үкіметтің тиісті шешімін күтіп отырмыз", – деді Ерлан Әккенженов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар