Қазақстан Еуропаға мұнай тасымалдаушы ірі үш елдің қатарынан көрінді

Кәмшат Тілеухан 21 мам. 2025 09:51

Қазақстан Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттаушы ірі үш елдің қатарына кірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Eurostat мәліметінше,  2024 жылы ЕО елдерінің тәулігіне тұтынған мұнай көлемі 9,1 млн баррельды құрайды. Соның ішінде:

  • АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
  • Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
  • Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).
  • Ливия – 0,67 млн ​​баррель (7,4%);
  • Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
  • Ирак – 0,57 млн ​​баррель (6,3%);
  • Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
  • Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
  • Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).

2024 жылы Қазақстан барлығы 68,6 млн тонна мұнай экспорттады.Қазақстанның бұлайша рейтинг басына қарай шығуына т.рткі басты бірнеше фактор бар.Біріншіден, үздіксіз мұнай өндіруші Қазақстан оның көлемін жылдан жылға ұлғайта түсуде. Екіншіден, ірі кен орыны потенциалдарының жоғарылығы. Мәселен, Теңіздегі кең ауқымды жобаның ұлғайтылуын айтуға болады.

Осындай оң динамикаға қарамастан, 2025 жылдың басында қазақстандық мұнай экспортына қатысты белгілі бір тәуекелдер туындады. АҚШ қазақстандық мұнайды экспорттауға арналған негізгі артерияКаспий құбыр консорциумымен (КҚК) және "Теңізшевройл" жобасымен байланысты операцияларға әсер етуі мүмкін шектеулер енгізді. Бұл шаралар болашақ жеткізілімдердің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық туғызды және экспорттың одан ары артуына кедергі келтіруі мүмкін еді. Алайда бұл іс едел-жедел шешілді. 2025 жылы 16 мамырда АҚШ Каспий құбыр консорциумы мен Теңізшевройлға Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай қызметтерін пайдалануға рұқсат берді. Яғни, АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Ресеймен байланысты №124-ші - "Каспий құбыр консорциумы мен "Теңізшевройл-мен» байланысты мұнай қызметтерін авторитизациялау " туралы Бас лицензиясын берді.

Бұл құжат КҚК және ТШО жобаларына байланысты мұнай қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Осылайша 2025 жылы 10 қаңтарда ("мұнай қызметтеріне тыйым салу") жарияланған қаулымен тыйым салынған осы екі компаниямен байланысты барлық операцияларға рұқсат етілді. Уақытша берілген бұл құжаттың мерзімі маусым аяғында аяқталуы тиіс болған, енді ол ұзақ мерзімге ұзартылып отыр.

Атап айтқанда, бұл құжаттың басты ерекшелігі - бас лицензияның b тармағы. Бұл тармаққа сәйкес, мынандай артықшылық қарастырылады: Ресейдің зиянды шетелдік қызметке салынған санкциялар туралы ережелері бойынша тыйым салынған кез-келген операцияларды жүргізуге рұқсат бермейді, 31 CFR, 587-бөлім (RuHSR), оның ішінде RuHSR-ге сәйкес бұғатталған кез-келген адамның қатысуымен болатын операциялар, егер (!) жеке-дара рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда.

Айта кетсек, бұл лицензия америкалық компаниялардың Ресей территориясында мұнай өндіру немесе тасымалмен айналысуына рұқсат береді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар