Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жантүршіктірер жол апаты болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Novosti.karagandy.kz инстаграм парақшасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Павлодар–Астана тас жолында тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 11-сынып оқушылары ата-аналарының екі автокөлігін айдап кетіп, жолда жоғары жылдамдықпен жарыс ұйымдастырған. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт жасөспірімнің жағдайы өте ауыр.
