Ринат Зайыттың анасы өмірден өтті

Сағыныш Сардарова 01 жел. 2025 23:46

Депутат Ринат Зайыттың анасы Роза Сүлейменова өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

"Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ринат Зайыт - танымал айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар