Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны, атмосфералық фронттар өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Сондықтан жаңбыр, қар жауады.
Елдің солтүстігі, шығысы, орталығында көктайғақ болжанып отыр. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алайда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
