Еліміздегі бірнеше банк жинақ депозиттері бойынша сыйақыны өсірді. Ең жоғары мөлшерлеме - 20%, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Мұндай мөлшерлемені Kaspi мен Home Bank ұсынып отыр. Депозит ашудың ең төменгі сомасы - 100 мың теңге.
- Freedom Bank жылдық 19,8% береді. Мерзімі - 3 айдан 3 жылға дейін.
- Bereke Bank -18,5%, ал тізімді ForteBank аяқтайды: мұнда жылдық мөлшерлеме - 17,9%.
Қазақстандылардың депозиттердегі жинағы
Қаржы нарығының мәліметінше, қазанның аяғында елдегі жалпы депозит көлемі 45 триллион теңгеге жеткен. Бір айда жинақ 1 триллион теңгеден аса мөлшерде өсті.
Халықтың шоттарында 25 триллион теңгеге жуық қаржы бар, оның 20 триллионнан астамы теңгемен сақталады.
Компаниялардың да депозиттері көбейген: бір айдағы өсім - 5%, жалпы көлемі 19 триллион теңгеден асты.
