Қант диабетімен күресте ауыл дәрігерлерінің біліктілігін көтеру керек

Жарбол Кентұлы 10 қыр. 2024 09:17 0

Бүгінде адамзат баласы дұрыс тамақтанбай, салауатты өмір салытын ұстанбағандықтан бірқанша әлеуметтік аурулардың түрі пайда болды. Соның бірі қант диабеті. Қазақтар сусамыр деп атайтын бұл дерт жалғыз Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінің өзге елдерінде де кең таралып, құзырлы орындарының назарын аударып отыр.

Кезінде қант диабетімен жасы келген адамдар аурушы еді. Қазір сусамыр дерті орта жастағы адамдарға да үйірсек болып бара жатқаны көпшілікті қатты алаңдатып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазір елімізде қант диабетіне шалдыққан адамдардың саны 500 мыңды құрайды екен. Экономикалық тұрғыдан белсенді 4-5 миллион халқы бар мемлекет үшін бұл көрсеткіш ойланатын-ақ жағдай. Сондықтан денсаулық сақтау мекемелері бұл дертпен барынша күресіп, оның алдын алуға күш салуы керек.

Қазіргі таңда қант диабетіне шалдығушылардың саны дүниежүзінде де күрт өсе бастаған. Статистикалық мәліметтерге назар аударсақ, әлемдегі ересек адамдардың 10%-ы осы дерттің құрсауында қалған.

Мамандардың айтуынша, көптеген адамдар өздерінің қант диабетіне шалдыққанын әуел баста білмейді екен. Тек дерті асқынып, дәрігердің алдына барғанда ғана өздерінің қант диабетіне шалдыққанын біліп, сан соғып жатады.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі қант диабетіне шалдыққандардың басым бөлігі бірінші және екінші типіне жататынын алға тартуда. Сонымен қатар елімізде сусамыр дертіне шалдыққандардың саны жыл сайын 18-30 мыңға толығып отырғанын растады. Бұл енді халық саны аз Қазақстандай ел үшін қауіпті құблыс екені анық.

Қант диабетіне шалдыққан ересектердің 10%-ы дәрілік заттардың көмегімен 80 жасқа дейін өмір сүре алады. Бірақ олар өмір бойы қант диабетімен күресуіне тура келеді.  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалар эндокринологы Гүлмира Абдуахасовның айтуынша, қазақстандықтардың қант диебетіне шалдығуына негізінен кеңседе қозғалыссыз отыруы, дұрыс тамақтанбауы, семіздік, стресс пен тұқым қуалаушылық жағдайлары әсер ететінін тілге тиек еткен болатын.

Қазіргі таңда адам баласының қант диабетіне шалдыққанына дәл диагноз қою мүмкін болмай тұр. Сондықтан азаматтардың бұл дертеке шалдықпауы үшін ұдай салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, белсенді өмір сүруі керек. Егер адамдар белсенді өмір салтын ұстанса, қант диабетіне шалдығудың ықтималдығы айтарлықтай төмендейтінін естеріңізден шығармаңыздар.

Осы ретте адамдардың қант диабетіне шалдыққанын қалай білуге болады? Мамандардың айтуынша, адамның қант диабетіне шалдықанының басты симптомы түнде адамның кіші дәретке жиі шығуынан байқауға болады.

– Әсіресе, адам түнде дәретханаға жиі бара бастаса, қант диабетінен күдіктенуіне негіз бар. Бұл кезде ағза сұйықтықтың жетіспеушілігімен күресіп, адам жиі шөлдей бастайды. Егер түнде оянып, су ішуге барсаңыз – бұл қант диабетін тексерту қажеттілігінің белгісі, – деп түсіндіреді мамандар.

Егер адам өзінде қант диабеті бар деп күдіктенсе, дереу тіркелген медициналық мекемедегі терапевтке барып, қаралауы керек. Дәрігер глюкоза деңгейін анықтайтын талдау тағайындайды. Егер талдаулар нәтижесі қалыпты болмаса, науқасқа диагноз қоятын эндокринологқа жолдама беріледі.

Қазақстанда 40-70 жас аралығындағы азаматтарды тексеруге шақырады. Скринингтер қант диабетіне, жүрек-қан тамыр ауруларына және жүрек жеткіліксіздігіне арналған. Сондықтан жоспарлы тексеруден өтіп, аурудың алдын алуға баса мән беруі керек. Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік-құқықтық базаны және қант диабетін ерте анықтау процедураларын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді.

Мәселен, қант диабет бойынша ата-аналар комитетінің президенті Руслан Закиев елімізде бұл дертке  қатысты көптеген адам сенгісіз әңгімелердің айтылып, халықты адастыратын жағдайлардың бар екенін алға тартты.

– Адамдарға бірінші типтегі қант диабеті ерте жастан басталатынын, ал екінші типтегі қант диабеті 40 жастан кейін пайда болатынын білу маңызды. Егер бірінші типтегі қант диабеті тез дамитын болса, екінші типтегі қант диабеті жылдар бойы өте баяу дамиды. Менің ойымша, бұл – адамдардың өздерінде қант диабеті бар екенін білмеуінің басты себептерінің бірі, – деп түсіндірді Руслан Закиев.

Мамандар қант диабетіне шалдыққан адамдардың 22%-ы өз денсауылғына қалай күтім жасауды білетіндігін айтуда. Сондықтан сусамыр дертіне шалдыққан адамдар денсауылғына мұқият болып, дұрыс тамақтанып, қажетті инсулинді дәл уақытында қабылдап тұруы керек. Сондықтан жергілікті жерлерде, әсіресе ауылдардағы дәрігерлерге адамдардың диабетпен қалай күресетінін жетік біліуі маңызды. Бұл бағытта жыл сайын жергілікті жердегі дәрігерлердің түрлі әлеуметтік аурулар бойынша біліктілігін көтеріп тұру керек. Сол кезде мұндай аурулардың қауіпін бәсеңсітуге мүмкіндік аламыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар