ПАТРИК ПАЙЫМЫ немесе Муракамиге Нобель сыйлығы неге бұйырмады?

Dalanews 22 қаң. 2015 03:35 842

Бо Чияупин (ҚХР)

[caption id="attachment_8710" align="alignright" width="485"]Патрик Модиано Патрик Модиано[/caption]

2014 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері анықталғаннан кейін Швед академиясының хатшысы тілшілерді қабылдаған кезде Патрик Модианоның еңбектерін айта келіп: «Патрик Модиано бүгінгінің Марсель Прусты деуге болады», - деді. Осы сөзде айтылғандай екі жазушы ортасында бірінің ізін бірі басқандай байланыс бар, туындылары да ұқсас тақырыптарды қаузайды.  Француз әдебиетінің білгірі Дун Чиянның айтуынша Патрик Модиано Марсель Прустың ықпалына қатты ұшыраған, ол Парижде өмір сүрді, адамның ішкі жан-дүниесін зерделеді.

Патриктің жазып жүргендері Марсель Пруст жазып кеткен дүниелер емес

Әйтсе де, екі жазушының ұқсастығын ғана айтып, өзіндік ерекшеліктеріне бей-жай қарауға болмайды. Француз әдебиетінің тағы бір білгірі  Лю Минжю ол екеуін зерттеп, бүй деп қорытынды шығарады.  «Патрик Модианоның романдарында бір-екі жай сөйлемнен тұратын сөйлем формасы жиі ұшырайды, құрмалас сөйлемдерді көп кездестірмейсіз. Құрмалас сөйлемдердің күрделі түрін, тіпті іздесең таппайсың. Ал, Марсель Прустте сөйлем құрау тәсілі күрделі, бір сөйлемі соңына жеткенше тынысыңды «тарылтады». Құрмалас сөйлемнің ішіне құрмалас сөйлем сиғызады.Мұндай тілдік құбылыс Патрик Модианоның шығармасында мүлдем жоқ.  Ол құрмалас сөйлемді шығармасында аз пайдаланады, үнемі пысықтауыш, толықтауыш және атаулы сөйлемдерді қолданады. Бұл оның сөйлем формасының ең жетілген, жеткен шегі». Патрик Модианоның тілі жұтаң, сылдыр,  кедей тіл емес, ішкі қуаты мығым, образды, шұрайлы тіл. Екі жазушының естеліктерінде де айқын өзгешелік бар.  Патрик Модианоның естелігі шынайы еске алу емес, себебі, ол екінші дүние жүзілік соғыстан кейін туған, Францияны немістер жаулап алған кездегі тұрмысты бастан кешпеген. Оның естелігі біртүрлі әдеби құбылыс. Марсель Прустың әлемінде бір немесе бірнеше ғана тұтас дүниені ұстап тұрған нүкте бар. Патрик Модианода бұл сияқты символдық дүние өте көп, бірақ әрбір бөлектерге терең жасырынған.
«Өмірімнің мәлім бөлегінде менің төңірегімде сырлы адамдар мен оқиғалар көп болды. Ол шақта кішкентай болғандықтан көп нәрселерді сұрастырып кетпейтінбіз, барлығы табиғи сияқты еді. Уақыт қадамына ілесе өткен күндерді еске алғанымда «сол кезде, сірә, біраз нәрселер болыпты ғой» деп ойланып қаламын», - дейді Патрик Модиано.

Бұл туралы Патрик Модианоның өзі де ойланып-толғанған. Ол кезінде Марсель Прустқа ұқсас кемелді құрылымды жасап шығуға талпынған, бірақ мұның бос әурешілік екенін ерте сезінген. Ол: «Өткен дәуірдегі адамдар үлкен шіркеу салғаны секілді кемелді туындыны да жазып шыға алады. Олар ой-санасы тез шоғырланатын дәуірде өмір сүрген жандар. Біздің дәуірдегі адамдардың ой-қиялы қырық темірдің қылауы сияқты, кемелді емес. Ал осы қырық құрау әлем, осы заман дүниесінің шындығына дәл үйлеседі», - дейді.

 Харуки Мураками Патрик Модианоның «қосағында» кетті

[caption id="attachment_8711" align="alignleft" width="449"]Харуки Мураками Харуки Мураками[/caption]

Харуки Муракамидің Нобель сыйлығын алмауы оған қызығатын оқырмандарды тағы да уайымға батырды. Кейбір оқырманның ойынша Харуки Мураками жаңа, ал Патрик Модиано өткен дәуір жазушысы. Шынайы салыстырар болсақ, «бір қазанға басы симайтын» екі жазушының да ұқсас жерлері бар. Харуки Муракамидің романдары қиялға бай, терең ойлы, оңай оқылатындай көрінгенімен, мазмұнында күрделі мәселелер жасырынған. Оның тілі өте жаттық, сезімтал, сөйлемдері шашыраңқы емес. Сюжеті күрделі оқиғаларды баяндауға шорқақ болғанымен, ұласпалы жазу және дәл, нақты бейнелеулері арқылы оқырманды өзіне баурайды. Харуки Мураками бұл рет неге сыйлықтан қағылды? Бұл туралы Харуки Мураками шығармаларын қытай тіліне аударып жүрген аудармашы Лин Чаухуа: «Муракамидің осы жылы сыйлыққа ұсынған «Әйелсіз ерлер» повестінде тағы да ер-әйел арасындағы махаббатты және психологиялық қайшылықтарды  жазған, сыншылдық сипаты әлсіз. Меніңше, саясатты сөз ету – оның осал тұсы. Жеке адам рухының тереңдігі және кеңдігі, адам ғұмырындағы айтуға қиын нәзік байланыстарды бейнелеу оның артықшылығы», - дейді.

Харуки Муракамидің жинақталған шартты белгілеріне қарағанда, Патрик Модиано шығармашылығы айқын әрі бірізді. Оның қаламынан туған кейіпкерлер бар қажыр-қайратымен «өзін» іздейді, осы жағы бағалаушыларды әсерлендірген маңызды себеп болуы мүмкін. «Харуки Муракамиге ұқсас Патрик Модиано да жастық шақтың жүрекке салған жан жарасын жазуға шебер, заманаға сай, жаңа ағымға айнала бастаған түсініктерді жазды. Муракамиге ұқсамайтыны Модиано философияға өте мән береді. Оның туындыларында адамның өткен уақытқа деген шарасыздығы, жеке тұлғаның өзін жоғалтуы үнемі суреттеледі. Өмір құнын ішкерлей қадағалайды, өзімшілдікті мінейді. Сондықтан оның романдары мәлім ой тереңдігін және «бес күн жалғанның» сипаттарын айқын көрсетеді.
Муракамиге ұқсамайтыны Модиано философияға өте мән береді. Оның туындыларында адамның өткен уақытқа деген шарасыздығы, жеке тұлғаның өзін жоғалтуы үнемі суреттеледі. Өмір құнын ішкерлей қадағалайды, өзімшілдікті мінейді. Сондықтан оның романдары мәлім ой тереңдігін және «бес күн жалғанның» сипаттарын айқын көрсетеді.

Жорж Сименон формасы, Шарль Бодлер рухы

[caption id="attachment_8713" align="alignleft" width="374"]456901818 Патрик Модианоның тілі кедей тіл емес, ішкі қуаты мығым, образды, шұрайлы тіл. [/caption]

[caption id="attachment_8715" align="alignright" width="364"]1Q84.-Tyisyacha-Nevestsot-Vosemdesyat-CHetyire.-Kniga-1.-Aprel-iyun-retsenziya Мураками махаббат тақырыбына көп қалам тартады.[/caption]

Патрик Модианоның қайсыбір шығармасын оқысаң да, одан айқын немесе жасырын тұрған детективтік романдар стильін байқауға болады. Мұны Патрик Модиано да теріске шығармайды. Ол бұрыннан детективтік романдар  жазу ниетінде болған. Сипаты жағынан детективтік романдармен оның романдарының тақырыбы ұқсап кетеді. Мысалы, із-тозсыз кету, салауат мәселесі, ұмытшақтық, жұмбақ сырлы өткен күнге оралу сияқтылар. Мәлім адам немесе оқиғаға қаратылған түрліше қайшылықты пікірлер оның ұстанымдарына сай келеді. Әрине, оның детективтік сюжеттеріне ішкі себеп бар. Ол өзінің өткен өміріне қайырылып көз салғанда балалық шағындағы нацистермен араласатын әкесінің бейнесі, шешесінің үнемі сыртқа шығып ойын қоюы, інісінің жол апаты себебінен қыршыннан қиылуы, т.б оқиғалар қызықты  детективтік романдарға ұқсап кететініне сенеді. «Өмірімнің мәлім бөлегінде менің төңірегімде сырлы адамдар мен оқиғалар көп болды. Ол шақта кішкентай болғандықтан көп нәрселерді сұрастырып кетпейтінбіз, барлығы табиғи сияқты еді. Уақыт қадамына ілесе өткен күндерді еске алғанымда «сол кезде, сірә, біраз нәрселер болыпты ғой» деп ойланып қаламын», - дейді Патрик Модиано. Дәл осы себепті ол детективтік романдар жазатын белгиялық жазушы Жорж Сименон романдарын сүйіп оқиды. Жорж Сименонның тілі жатық, ұғынықты, шындықты жазу тәсілімен оқиғаның сырын ашады. Шығармаларына психологиялық анализді негіз етіп, адам жанының қараңғы жақтарын ашуға құлшынады. Оның романдары қылмыс өткізудің себеп-салдарын зерттеп, қылмыстының, тіпті жәбірленушінің жан-дүниесіне дейін талдау жасайды. Ортаның кейіпкерге жасайтын ықпалын жазуда мәлім ой тудыра білетін майталман. Патрик Модиано көп жақтан Жорж Сименонның ықпалына ұшырағанымен, оның шығармасын детективтік жанр ретінде оқитын болсақ, қатты қателесеміз. Себебі, оқырман одан ешқашан жауап таба алмайды. Шығарманың соңы да әуелгісіндей сырлы жұмбақ күйінде қалады. Ал мұның оқырманға әсері тым бөлек болатыны белгілі.

Детективтік романдарға қызыққанымен, неге сондай роман жазбайтынын Патрик Модиано: «Детективтік романдар жазу, бір жағынан қарағанда, мәлім дәрежедегі реализм, тіпті натурализм деуге де болады. Тұрақты әрі өнімділігі жоғары баяндау құрылымын жасап, соны жақсылап айтып беру деген сөз. Әрбір детективтік романның соңында сөзсіз қорытынды, түсініктеме болады. Ал менің айтпақ болғаным дәп басуға келмейтін, бөлек-бөлек оқиғалар желісі. Шын мәнінде менің жазғаным дәстүрлі ұғымдағы роман емес, тылсым дүниені, қиялды бейнелейтін роман», - дейді. 

Шындығында Патрик Модианоның сомдаған кейіпкерлерді Жорж Сименон үлгісі дегеннен гөрі, Шарль Бодлердің үлгісі деуге келеді. Оның көптеген романдарының тақырыбы, айталық «Қираған көше», «Тастанды гүл», «Түн гүлі» Шарль Бодлердің жаңғырған үнін естіртеді. Патрик Модиано өзінің өмір өткелегі және ізденісі, ешкім еліктей алмайтын, қайталай алмайтын әдеби стиль арқылы Батыс мәдениетіне шумақ-шумақ жағымды элегиялар әкелді. Еуропа оқырмандары осы элегия ішінен өзінің жастық көктеміндегі сұлу бейнелерді және бақытты көрді.

Аударған Құсман ҚҰМАШҰЛЫ.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар