Атырау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірген

Атырау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірген
ЖИ/freepik.com
Атырау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірген

Атырау облысында ер адам әйелін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

16 наурызда шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адам қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді полиция.

62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.