Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды. Оларға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және ақшаны заңдастыру (жылыстату) айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу барысында айыпталушылардың бизнесіне қатысы бар ЖШС атына рәсімделген мүлікке тыйым салынды. Атап айтқанда, 8 автокөлік пен 17 дана iPhone 16 тәркіленген.
Көліктердің арасында Lamborghini Urus және Lexus LX 600 сияқты қымбат автокөліктер бар.
Егер сот блогерлерді кінәлі деп таныса, оларға 1 миллиард теңгеден асатын айыппұл салынуы немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
