Орталық Азия елдерінде есірткіге қатысты бірнеше адам ұсталды

Көркем Алдабергенова 16 нау. 2026 15:10

Орталық Азияның бірнеше елінде есірткі айналымына байланысты бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өзбекстанда 14,6 келі опий сақтаған мектеп мұғалімі ұсталды. Оның құны шамамен 180 мың доллар деп бағаланып отыр. Мәліметке сәйкес, есірткі Тәжікстаннан жеткізілген. Сондай-ақ Сырдария облысында 8 келі героин мен 54 келі опий тәркіленді. Ал Ташкентте мефедрон жеткізетін арна анықталып, 2 келі есірткі және 760 дана «Зардекс» таблеткасы алынды.

Қырғызстанда Бішкек қаласында гашиш пен психотроптық заттарды таратумен айналысқан адамдар ұсталды. Олардың кейбірі түнгі клубтардың маңында есірткі сатқаны айтылады.

Қазақстанда Қостанай Әулиекөл тас жолында 200 келіден астам өсімдік тектес есірткі тәркіленді.

Ал Тәжікстанда елге «Прегабалин» дәрісінің миллионнан астам капсуласын заңсыз әкелген топ ұсталды.

Сонымен қатар Тәжікстан БҰҰ сессиясында есірткі тасымалына қарсы күрес туралы есеп бергені хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove