Олар – «Шығысхан қазақ па?», «Сегіз сері өмірде болған ба, болмаған ба?», «Тілеуқабыл Өтейбойдақұлы тарихта болмаған ба, болмаған ба?» және әйгілі Орбұлақ шайқасына қатысты ұшы-қиыры жоқ дау-шарлар тағы бар. Бұдан басқа дінге қатысты тақырып бойынша Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлаған қалың қазақ айлап, апталап дауласудан жалықпайды.
Таяуда ғана орамалға қатысты даудың түңдігі желпілдеп барып басылды. Бір қызғы, осы жолы дәстүрлі даудың шоғын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үрлегені қызық болды. Кімнен рұқсат алды екен а...
Ал қазір әлемжеліде Сегіз серінің өмірде болған, болмағанын таңның атысы, күннің батысы талқылануда.
Ал алдағы айларда Шыңғысхан тақырыбы трендке шығуы әбден мүмкін.
Осылайша қазақ елі бір дауды бір дауға жалғап, қызыл кеңірдек болып айтысуда. Әлгі даулы постардың астындағы комментарийлерді оқысаңыз талқылаушылар бір-бірінің жеке басын қаралап, оппоненттерін Қособаның түбіне шақырып, телефон номерін тастағанын да байқадық.
Біздің қоғамда қызу талқыланатын мәселелердің бәрі өткеннің еншісіндегі бұлдыр әңгімелер. Дәл қазіргі мәселе ешкімді қызықтырмайды.
Утильалым, банктер мен кеніштердің бір қолдан бір қолға өтіп, әлдекімдердің мол ақшаға бір күнде ие болып жатқанымен ешкімнің ісі жоқ. Бұлай мемлекетіміз аяққа тұрмайды. Өткенді езебелеп, әңгіме айтуды тоқтату керек. Әйтпесе құрдымға құлаймыз!