Өсірілмек ҚҚС мөлшері 20 ақпанға дейін анықталып қалуы тиіс - вице-премьер

Кәмшат Тілеухан 28 қаң. 2025 14:57 868

Қазақстан Үкіметі қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеушілер қатарын арттыруға ниетті. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жұманғариннің айтуынша, елімізде 2,3 миллион салық төлеуші тіркелген болса, олардың 137 700-і ғана ҚҚС бойынша есепке тұрған. Ал нақты салық аударымын жүзеге асыратындар саны – бар болғаны 88 мың, яғни жалпы салық төлеушілердің 4 пайызы ғана.

Министр мұндай жағдайдың негізгі себебі ҚҚС-ті тіркеуде қолданылып жүрген жоғары шек (78 млн теңге) екенін айтады. Өзге елдермен салыстырсақ, мұндай шек деген нәрсе жоқ немесе төмен болып келеді.

Осы себепті Үкімет ҚҚС шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынады. Вице-премьердің айтуынша, ШОБ-тың 80%-ы 15 миллион теңгеге дейінгі айналыммен жұмыс істейді. Сондықтан бизнестің осы 80,7%-ын қамтымай,  бірақ 300 мыңға жуық жаңа ҚҚС төлеуші тарту үшін аталған шекті төмендетуді ұсыналады.

Екінші шара бөлшек салыққа негізделген арнайы салық режиміне қатысты.

"Бұл режим бастапқыда бөлшек саудамен айналысатын бизнеске қолайлы болу үшін жасалған. Ол айналымнан қосымша міндеттемесіз 4% төлемді қарастырады. Алайда уақыт өте келе бұл режим шектен тыс ырықтандырылып кетті. Кейін оған өңдеу өнеркәсібі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетіндер және бөлшек саудаға жатпайтын басқа да қызмет түрлері енгізілген. Сол себепті біз ОКЭД тізімін едәуір қысқартуды жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді Жұманғарин.

Қорыта келгенде, осы екі негізгі қадам – ҚҚС шегін төмендету және бөлшек салықты нақты мақсатты топқа қайтару – Қазақстандағы салық төлеушілердің базасын кеңейтуге, бюджет кірісін арттыруға және жалпы салық саясатын оңтайландыруға ықпал етеді.

Ең бастысы, вице-премьер өсірілмек қосымша құн салығының нақты мөлшерлемесін 15-20 ақпанға дейін анықтау жоспарланып отырғанын жеткізді.  

Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру керек деп санайтынын жария еткен. Оның айтуынша, осылайша Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені күрт азайтуға болады. Сондай-ақ вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.ҚҚС өскен жағдайда үкімет жұмыс берушінің аударуы тиіс әлеуметтік салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын жоюы мүмкін. Бұл Еңбекақы қорына түсетін жүктемені 10-30%-а төмендетеді деп күтіледі. "Ал мұндайда бұл шығындарды бюджет өз мойнына ала алады", - деп атап өтті вице-премьер Серік Жұманғарин.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығы (ҚҚС) көлемін арттыру туралы ұсынысын қолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ретте реформа керек. Ал сарапшылар қауымының бірі парасы бұл бастамаға наразы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар