Өркендеу жолындағы Орал қаласы

Dalanews 24 қаз. 2017 15:51 794

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Орал қаласының әкімі М.Мұқаевтың қатысуымен «Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында кезекті брифинг өтті.

Қала әкімінің айтуынша 2017 жылдың 9 айының есебі бойынша қалалық бюджетке 16404,2 млн.теңге түсім түсті. Ол жалпы салық базасының 25,5% құрайды. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 47648 млн. теңгені құрады (146,3%). Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 106,9 млрд. теңгеге жетті.

Орал қаласындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 615,15 шақырымды құрайды. 2017 жылы жол жөндеуге барлық қаражат көздері есебінен 8,1 млрд. теңге бөлініп, аталған сомаға қаланың 67 көшесіндегі 72 шақырым жолды жөндеу жоспарланды (20 нысан КПО қаражаты есебінен). Бүгінгі таңда 67 көшенің 61-інде жұмыстар аяқталды. 6 көшені жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды. Жоспарланған 40 шақырым жаяу жүргінші жолының бүгінде 36 шақырымы төселді, қалған 4 шақырымы жасалуда.

Қаладағы «Локомотив депосы» аумағындағы көпірді қайта салу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Күні бүгін 59 тіреуіш бағана құйылды. Қазір беларқа қаңқасын орнату және арматуралау бойынша жұмыстар атқарылуда. Барлық қажетті материалдар, нақты айтсақ, 130 дана бөрене толық әкелінді. Нысанды 2018 жылы белгіленген мерзімінен ерте тапсыру көзделіп отыр.

2017 жылдың 9 айында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жалпы ауданы 70 мың шаршы метр болатын 1800 пәтерлік 8 тұрғын үй, 12 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері салынуда. «Байтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» салымшылары үшін салынған 4 үйдің құрылысын аяқтады. Бұдан бөлек, Деповская көшесіндегі ескі үйдің орнына салынған 1 үйдің құрылысы аяқталса,  6, 33, 34 орындарындағы (пятно) үйлердің құрылысы ағымдағы жылы 4 тоқсанда толық аяқталмақ. Сондай-ақ,  2018 жылы салуға жоспарланған 16 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Олардың 9-ы Зашаған ауылында, 7 үй қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде салынады. Барлығы 1800 пәтерден тұратын бұл үйлердің құрылысы 2018-2019 жылдары басталады деп жоспарлануда.                Орал қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру өте өткір мәселелердің бірі. Бүгінде қала бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу кезегінде 70885 адам тұр. 2000-2012 жылдары жер учаскелері 15 мың адамға белгіленген тәртіппен берілген.               Қазіргі уақытта елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асып жатыр. Бағдарлама аясында Круглоозерное ауылдық округі маңынан кезекте тұрған азаматтарға жер беру мақсатында жердің жоспары жасақталуда.

Жыл басынан бері Орал қаласындағы Ықсанов көшесінің бойында, қаламыздың жаңа алаңында және Зашаған кентінде әр сенбі сайын ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкелері өткізілуде (күні бүгін 25 жәрмеңке өтті). Оларға 50-ге жуық облыстың, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Жәрмеңкеге өз тауарын әкелгендерге сауда орындары тегін берілді.

Ағымдағы жылы 20 аула аумағын абаттандыруға бюджет есебінен 507 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды. Биыл аталмыш бағдарлама аясында 10 мыңға жуық тұрғын тұратын 54 үйдің (3440 пәтер) ауласы абаттандырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызылды. 2018 жылға 29 аула аумағын абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттама жасалды, қазір құжаттар тексерістен өтуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бағытында 2017 жылы 7 үйге күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Жалпы сомасы 80 млн. теңге құрайтын 4 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды (Есқалиев көшесі 182, 25-Чапаевская дивизия 2, Жәңгір хан 18/1 және Гагарин 67).

Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік қағидасына сәйкес ағымдағы жылы Орал қаласы Гагарин көшесі 1 мекенжайындағы үйді бұзу жұмысы жүргізілді. Аталған үйдің орнына 126 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын «Караванный путь» ЖШС бастап кетті. Сонымен қатар, Орал қаласы Құрманғазы көшесі 198 мекенжайындағы үйдің орнына 64 пәтерлік көп қабатты үй салу жоспарда бар. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «КазХол» ЖШС мекемесі жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Ғ. Қараш 33/1 және Құрманғалиев көшесі 3 мекенжайындағы үйлерді бұзу жоспарда тұр. Бүгінде олардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қалада қазір 20 көпфункционалды спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар футбол, хоккей, баскетбол, воркаут, скейтборд, көше тренажерлары және скейтпарк алаңдарымен жабдықталған. Сондай-ақ, 2018 жылы Орал қаласы бойынша 22 спорт және балалар алаңдарының құрылысын бастау көзделуде.

Бүгінде қалада жаңа үлгідегі 37 аялдама павильоны орнатылды. Павильондар Евразия, Достық-Дружба, Әбілқайырхан даңғылдары, Жәңгірхан, Тайманов, Гагарин, Есенжанов, Сарайшық, Шолохов, Ә.Молдағұлова және М.Мәметова сияқты қаланың ірі көшелеріне қойылды. Сондай-ақ, үнемделген қаржы есебінен жыл соңына дейін қосымша 7 аялдама орнату көзделіп отыр. Жаңа аялдамалар Шолохов көшесі бойына және «Қазақ драма театры», «Динамо» спортбазасы аялдамаларына орнатылмақ.

Шаһар басшысы одан әрі білім саласына кеңінен тоқталды. Қалалық білім бөліміне қарасты 48 күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 42985 бала білім алуда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2872 балаға көп. Қалада 50 мемлекеттік балабақша, 28 жеке мектепке дейінгі мекеме, 26 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс жасап тұр. 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 99,5 пайызды құрап отыр. Соңғы 3 жылда мемлекеттік білім беру бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік-жеке серіктестік белсенді түрде дамыды. Қалада 2015 жылға дейін тек 3 жеке балалар ұйымы жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 31-ге жетті.

Жылдан жылға білім беру саласының материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Тек биылдың өзінде 4 мектеп салынуда. Олардың 1-еуі Деркөл ауылында, 1-еуі Сарытау шағын ауданында орналасқан. Алдағы уақытта қаладағы 2-ші жұмысшы ауданында салынып жатырған №4 мектептің оқушылары жаңа заман талабына сай салынған мектеп табалдырығын аттайтын болады.

Ағымдағы жылы №8,22,42,43 балабақшалар мен Желаев ауылындағы мектептен тыс жұмыстар орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тек соңғы жылдары қалада 8 балабақша, 3 мектеп пен 2 мектептен тыс жұмыс орталықтары күрделі жөнделді.

«Ақылды қала» - «Смарт сити» жобасы оралдықтар үшін өте маңызды болып табылады. Жобаға сәйкес, келешекте балабақша кезегі автоматтандырылатын болады. Сондай-ақ, жоба аясында электронды пәтер иелерінің кооперативтерін жасауды (еКСК) қолға алдық. Сонымен қатар, «Қолжетімді әкімдік» («ҚӘ») бірегей жобасын біз Қазақстанда алғашқылардың бірі болып  іске асырудамыз. Жоба арқылы тұрғындарға қалалық сәулет, құрылыс және жер қатынастары бөлімі, Орал қаласы әкімдігі кеңсесі 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады. Орташа есеппен аталған мемлекеттік қызметті алу үшін күніне 300 азамат келсе, 4 айда 19 544 адамға қызмет көрсетілді.

Қоғамдық көлік саласында 2018-2023 жылдарға арналған «Орал қаласының қоғамдық көлік тұжырымдамасы» жасалды. Жыл соңына дейін қалалық қоғамдық көліктер СМС-бас электронды төлеу жүйесіне ауыспақ. Бұл тұрғындар үшін жолақы төлеудің ыңғайлы әдісі болмақ. Қазірдің өзінде қаладағы қоғамдық көліктерде «INFOBUSMOBILE»  қосымшасы қосылып, автокөліктерді қадағалау жүйесі орнатылды. Әрбір автокөлікте GPS-датчик орнатылды, ол диспетчерге көліктің қай жерде екендігін көрсетіп отырады. Тұрғындар мобильді қосымша арқылы өзіне қажетті автобус қай жерде екенін бақылай алады. Қазіргі уақытта сенсор паркін жабдықтау 75% -ды құрады, жыл соңына дейін автобустардың 100% -ын қосу жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, «Ғимарат сайты» атты электронды ПИК енгізілуде. «Ғимараттардың сайты» - бұл тұрғындар, ПИК мен әкімдіктер арасындағы байланыс үшін тегін онлайн алаң. Әр ғимараттың INDEKSTROENIE.post.kz.  мекенжайы бойынша веб-сайты болады. Тұрғындар сайт арқылы әкімдікке және ПИК-ке жаза алады, ПИК өздерінің хабарландыруларын, атқарылған жұмыстар туралы есептерін жариялай алады. Сондай-ақ әрбір үйге полиция қызметкерін, жақын маңдағы мектептер мен балабақшаларды, медициналық мекемелерді, сантехникті, көтергішті, күзетті және т.б бекітуге мүмкіндік болады.

Сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі операциялық шығыстарды қысқарту; электр қуатын тұтынуды оңтайландыру; қуат үнемдеу бағдарламаларын іске асыру және олардың тиімділігін бағалауға жол ашады. Қазіргі уақытта осы жобаның шеңберінде 10 000 жарық шамын жарықдиодты шамға ауыстыру жоспарлануда.

Қала бойынша жолдағы қылмысты азайтып, қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған. 2017-2018 жылдарға арналған «Сергек» бағдарламасына сәйкес, 200 бейнебақылау камерасы, сондай-ақ «Қауіпсіз аула» жүйесінде (жергілікті бюджет есебінен) 100 бейнебақылау камерасын орнату көзделуде. 2017 жылдың 9 айында 829 бейнекамералардың  көмегімен 829 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 43 қылмыстық іс ашылды.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінде және сыртында бейнекамераларды орнату жобасын  іске қосты. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда бес үйдің кіреберісіне 10 камера орнатылды. Жоспарға сәйкес, 2018 жылы қаланың барлық тұрғын үйлердің кіреберісіне 2542 камера орнатылатын болады.

Жуық арада Орал қаласы әкімдігінің Телеграм-бот қосымшасы іске қосылмақ. Ботта қаладағы балабақша, мемлекеттік қызметтер, спорттық секциялар туралы мағлұматтар болады. Осы арқылы кез-келген тұрғын әкімдікке өз сұрағын қоя алады. Кері жауап беру функциясын іске қосу көзделуде.

 

Қосымша ақпаратты төменде

Uralsk

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар