Өндірісі өрге басқан Түркістан

Dalanews 03 жел. 2018 10:39 804

Түркістан қала болса да өндіріс пен ауыл шаруашылығы ұштастырып отырған бірден-бір аймақ. Екеуінің үлесін теңестіру үшін 2021 жылға дейін концепция әзірленген. Өйткені көне шаһар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мен теміржолдың бойында орналасқан. Өнеркәсіпті дамытуға өте қолайлы жағдай бар. Сол себепті инвесторлармен тығыз жұмыстар атқарылуда.

Айталық, индустриялық аймаққа орналастыру үшін жылына 15 мың тонна жүгері өңдейтін зауыттың құжаттарын тиісті комиссияға жолданған.

Кәсіпкерлер құрал-жабдықтарын Иран мен Түркияда әкеледі. Жобаның иелері – аталмыш мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыз. Оралмандар. Өндірген тауарларын нарықта өткізу мәселесін де жан-жақты ойластырған. Жүгеріні шаруалардан сатып алып, кептіріп, дәнін собығынан ажыратып, қаптамаға салып, шетелге шығармақшы.

Негізінен Иранға экспорттайды. Бағаларына дейін белгілеп қойған. Бизнесін экспортқа жоспарлайтын осындай өндіріс ошақтарының бой көтеруі қаланың экономикасын дамытуға аса қажет.   

Сонымен бірге Ескі Иқаннан көкөніс өңдейтін цех ашу мәселесімен инвесторлар келссөздер жүргізуде.

Қаладан қоқыс-қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жөнінде бір компаниямен меморандум жасалған. Алматылық кәсіпкер. Алматы, Қарағанды облыстарында сондай зауыт салған.

Қазіргі таңда жер телімін белгілеп берілген. Қазір құрал-жабдықтарын жеткізу үстінде. Бұл зауыт қоқыс-қалдықтарды 80 пайызға дейін өңдейді. Бәрібір 20 пайыз қалдық қалады екен. Алайда инвесторлар біртіндеп қалдықсыз технологияға апаруға уәде беріп отыр. Бұл кәсіпорын бой көтерсе, қаланың тазалығы ретке келері анық.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар